2021 жылдың 28 қазан күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында BioMarin (BOME) компаниясының қолдауымен «Мукополисахаридозбен (МПС) ауыратын пациенттерде инфузиялық процесс параметрлерін ұйымдастыру, жүргізу техникасы және динамикалық бақылау» атты тықырыпта онлайн ақпараттық-білім беру вебинары өтті.
Модератор: «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Манжуова.
Семинарға Қазақстанның және Беларусь Республикасының инфузиялық орталықтарының мамандары қатысты.
Жиында Анатолий Кисленко «МПС бар науқастарға арналған инфузия техникасының негізгі принциптері» тақырыбында баяндама жасап, ол МПС бар науқастарға фермент алмастырушы терапия бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, инфузиялық терапияны дайындау және жүргізу процесінің ерекшеліктері, туындайтын жағымсыз құбылыстары мен оларды емдеу және алдын алу жөнінде айтты.
Александр Галаган (Мәскеу қ.) тыңдаушыларға жағымсыз құбылыстар кезінде хабарлау алгоритмі туралы айтып, фермент алмастырушы препараттарды енгізу техникасы туралы бейнеролик көрсетті.
Педиатрия орталығының мукополисахаридоз жөніндегі республикалық үйлестіруші, м.ғ.д. Майра Шарипова «Инфузиялық Паспорт – ферментті алмастыратын дәрілік препараттарды енгізу процесін динамикалық бақылаудың стандартталған формасы» тақырыбында баяндама жасап, орталық мамандарының дайындауындағы осы - Инфузиялық Паспортты енгізуді ұсынды. Инфузиялық Паспорт - ферментті алмастыратын терапия нәтижелерін клиникалық тәжірибеде бақылауға және дәрілік терапиядан мүмкін болатын жағымсыз көріністерін қадағалауға мүмкіндік береді.
Талқылау барысында Паспорт дәрігерлер тәжірибесінде пайдалануға ұсынылды.
Сессия барысында тақырыптың өзектілігі атап өтіліп, келешекте сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастардың ұлттық электрондық тізілімін құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.
#мукополисахаридоз
#Педиатрияорталығы
#сирекаурулар
#БиоМарин
#онлайнсессия