Балалар жылы аясында 30 маусым мен 1 шілде күндері аралығында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Ауыр аутоиммунды аурулары бар балаларды емдеу» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Шара аясында Педиатрия орталығының мамандары мен Санкт-Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университетінің профессоры Михаил Михайлович Костик 30-дан аса аутоимундық аурулардың ауыр түріне шалдыққан балаларды қарап, кеңестерін берді.
Шеберлік сыныптың бірінші күні дәрігерлер 19 баланы, екінші күні 11 баланы қарады. Еліміздің алыс аймағындағы бір балаға телемедицина арқылы консультация жүргізілді. Мамандар сонымен қатар, ата-аналардың мазалаған сұрақтарына жауап берді.
27 маусым күні №2 қалалық балалар клиникасында бастау алған шараға Алматы қаласы мен Қазақстанның облыс орталықтарынан 23-тен аса балалар ревматологтары мен кардиоревматологтары қатысты. Шеберлік сынып барысында мамандар балалар ревматологиясының өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқып, тәжірибе алмасты.
Педиатрия орталығының Бас ғылыми қызметкерлері, профессор, медицина ғылымдарының докторлары Р.С.Майтбасова: «Балалардағы Такаясу ауруы: диагностикалау мен емдеудегі проблемалар», В.Н.Ишуова: «Жүйелі қызыл жиегі: емдеу мен диагностикалаудың негізгі принциптері» тақырыбында дәрістер оқыды.
Семинардың басты мақсаты - дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу, медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру. Аталмыш шара практикалық дәрігерлердің білім деңгейін арттыруға және ауыр аутоиммунды аурулары бар балаларды емдеуде диагностикалық және терапиялық тәсілдерді жетілдіруге ықпал етеді деп сенеміз.
Шара «Медак фарма» компаниясының демеушілігімен өтті.
#аутоиммундыаурулар
#шеберліксынып
#Педиатрияорталығы