Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы еліміз бойынша барлық педиатриялық қызметті үйлестіру орталығы бола отырып, әмбебап прогрессивті патронаж (ПӘПМ) тәсілдерін іске асыруды жақсарту жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

           2022 жылдың наурыз айында бүкіл ел бойынша реформаланған ПӘПМ-ның негізгі ережелерімен ҚР-да педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың ұлттық стандарты жаңартылды. Әмбебап прогрессивті патронаж мәні бір жағынан жас балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатерді бағалау және осы тәуекелдерді жою шараларын әзірлеу болып табылады. ПӘПМ бағдарламасының әр түрлі құралдарын ескере отырып, патронаттық топ әр отбасы мен әр баланың әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі. Бағдарламаның құндылығы – әр баланың тең өмірлік бастамасын пайдалану, оның әлеуетті қабілеттерін ашу және қиын жағдайда отбасын қолдау, ата-аналардың мінез-құлқы мен өмір салтын қайталау қаупін жою немесе азайту. Отбасы проблемаларын кешенді шешу үшін секторішілік және сектораралық байланыстар пайдаланылады, патронаж қызметкерлері МСАК әлеуметтік қызметкерін медициналық және әлеуметтік көмекті қоса алғанда, кешенді интеграцияланған көмек көрсету жөніндегі жұмысқа тартады.

           Жыл сайын «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ тиісті бөлімінің қызметкерлері Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметі (МСАК) мамандарымен тікелей аулаларды аралайтын, 5 жасқа дейінгі балалары бар әртүрлі отбасыларға баратын, жергілікті жерлердегі тәуекелдерді бағалайтын, МСАК мамандарын осы тәуекелдерді анықтауға және бұл тәуекелдерді бағалауға үйрететін, сондай-ақ алдын алу жоспарын бірлесіп әзірлейтін өңірлерге баруды жүзеге асырады.

           Алматы сияқты ірі мегаполис халықтың көптігін, оның әртүрлілігін және еңбек көші-қонының болуын ескере отырып, осындай қолайсыз факторларға барынша бейім.

     Сондықтан, 2024 жылғы 10 қаңтарда «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ өкілдері, Басқарма төрағасының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Л.Н.Манжуова және ПӘПМ/БЖАЫҚ республикалық үйлестірушісі Н.Г.Ким Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Г.З.Қалибековамен, Алматы қаласының адам құқықтары жөніндегі уәкілі К.М.Малдыбаевпен және Алматы қаласындағы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» филиалының директоры Ж.Н. Әбдіқалықовамен кездесті. Онда Алматы қаласында ПӘПМ енгізу бойынша негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жол картасының стратегиялары мен іс-шаралары әзірленіп, 2024 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

#әмбебаппрогрессивтіпатронаж

#кездесу

#Педиатрияорталығы

#баласаулығы

#жиын

#шалатуғансәбилер