Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызметкерлері Кардиохирургия, интервенциялық кардиология және ангиохирургия бөлімінің меңгерушісі А.Б.Бердібеков және кардиологиялық реанимация бөлімінің меңгерушісі А.Ш.Нәлібаев 15-28 желтоқсан күндері (2023ж) аралығында Италия елінің «Ospedale del Cuore. Fondazione Toscana Gabriele Monasterio» деп аталатын жетекші кардиологиялық орталығында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама балалар мен ересектердің туа біткен жүрек ақаулары бөлімінің директоры Виталий Анатольевич Пактың жетекшілігімен өтті. Бұған дейін 2014 және 2015 жылдары итальяндық кардиологиялық орталықтың мамандары Педиатрия орталығына шеберлік сыныбымен келіп, туа біткен жүрек ақауы бар балаларға ота жасап, мамандарымызды оқытқан болатын. Бұл жолы біздің мамандар итальяндық клиникаға баруға мүмкіндік алып, кәсіби шеберліктерін арттырды.

«Біздің дәрігерлер тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен кардиохирургиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру ерекшеліктерімен жеке танысуға және жүрек пен коронарлық тамырларды визуализациялаудың озық технологияларымен танысуға мүмкіндік алды. Біз туа біткен жүрек ақауы бар балаларды емдеу мен диагностикалау, хирургиялық әдістердің техникаларымен, операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде пациенттерге күтім көрсету бойынша үлкен тәжірибе жинақтадық. Тағылымдама нәтижелі болды. Алдағы уақытта да біздің мамандар балаларға жоғары сапалы, жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсету үшін өз білімдері мен тәжірибесін дамыту, қарым-қабілеттерін арттыру бойынша жұмыстарын жалғастырмақ. Өйткені, медицина замана талабымен бірге дамуда», - деді А.Бердібеков.

#тағылымдама

#кардиохирургия

#Италия

#туабіттіжүрекақауы

#АлмасБердібеков

#АтхамНәлібаев

#Педиатрияорталығы