«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ мен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы уағдаластықтар шеңберінде жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға әмбебап патронаж бағдарламасын ілгерілету бойынша қаладағы медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар білім беру бағдарламалары жоспарланды.

Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес тиімді патронажды іске асыру үшін жалпы практика дәрігерінің әрбір учаскесінде мейірбикенің жеке штаттық бірлігі бөлінген. Алайда, бұл медицина қызметкерлерінің рөлін түсінбеу кейде функционалдық ерекшеліктердің дұрыс бөлінбеуіне әкеледі. Сондықтан бағдарламаны ілгерілетуде жергілікті атқарушы басқару органдарынан қолдау алу мақсатында негізгі тұлғаларды (парламент, адам және бала құқықтары жөніндегі омбудсмен, денсаулық сақтау министрлігі, әділет, әлеуметтік қорғау) үйге бару бағдарламасының әлеуеті туралы хабардар ету мақсатында бірінші басшылардың, басшы орынбасарлары мен дәрігерлердің  медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде ПӘПМ және балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БЖАЫҚ) жұмысын бақылау процесіне қатысуы мен бақылауын күшейту қажет.

Осыған байланысты, бірлескен жұмыс жоспары аясында 2024 жылғы 24-26 қаңтар аралығында №5 емханада  Алматы қаласының МСАК басшылары үшін «ҚР-да жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі» тақырыбы бойынша бағдарлау тренингі өтті.

Тренингті ЮНИСЕФ кеңесшісі, мастер-тренер Наталья Ким жүргізді.

Семинарға қатысушыларды балалардың дамуы мен денсаулығының бұзылуы үшін тәуекелдерді анықтау, кеңес беру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардың қажеттіліктерін бағалау, отбасын сүйемелдеудің жеке жоспарын жасау жөніндегі жұмысқа белсенді тартуды көздейтін семинар интерактивті форматта өткізілді.

Семинарға қатысушылар кішкентай бүлдіршіндерге дұрыс тамақтану, кітап оқуды көрсету арқылы дамуын ынталандыру, бірлескен ойындар және ата-ана жылуы мен махаббатының көрінісі бойынша кеңестер берді. Рөлдік ойындар бойынша оқыту және теориялық дайындықтан кейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының басшылары жүкті әйелдерге дұрыс тамақтану және депрессия қаупін анықтау бойынша кеңестер жүргізді.

Емханаға қарасты үйлерді аралау кезінде семинарға қатысушылар тәуекелдерді анықтай отырып, әр отбасымен белсенді жұмыс жасады, содан кейін әр жағдайды талдап, әр отбасына жеке қолдау көрсету бойынша жұмыс жоспарын құрды. МСАК басшыларының оқу процесіне белсенді қатысуы, тәуекелдерді анықтау үшін әрбір медициналық-санитарлық алғашқы көмек құралы бойынша олардың тұрақты кері байланысы назар аударарлық.

Үздік тәжірибелерді зерделеу, екінші жағынан нақты өмірлік жағдайларды бағалау, Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына болашақта әрбір ұйымда  патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі (ПӘПМ) қызметінің жұмысын дұрыс құруға, дұрыс үйлестіруге көмектеседі деген сенімдеміз.