Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қазақстан Республикасы бойынша балаларға патронаждық көмекті енгізуге және оның жұмысына жетекшілік ететін орталық болып табылады.
Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға арналған әмбебап патронаттық бағдарлама – бұл ерте жастағы балалардың денсаулығы мен өміріне барлық қауіптерді анықтайтын механизмдердің бірі. Сонымен қатар, бұл бағдарлама балалар өлімі мен балалар жарақаттарының санын азайтуға, сондай-ақ балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға ықпал етеді. ПӘПМ бағдарламасының әр түрлі құралдарын ескере отырып, патронаттық топ әр отбасы мен әр баланың әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі. Және де, еліміздегі барлық МСАК ұйымдарында патронаждың әмбебап прогрессивті моделінің тәсілдері бойынша жұмыс жеткілікті деңгейде қойылмаған. Бұл мәселенің негізгі себебі, МСАК медициналық ұйымдарының басшылығы деңгейінде осы жұмысты нашар үйлестіру және патронаж қызметінің дағдыларының төмен деңгейі болып табылады.
Осыған байланысты Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ҚР-да нәрестелер мен балалар өлімін азайту, балаларға алғашқы-медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 15-26 сәуір аралығында «ҚР-да жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі» базалық және кеңейтілген тренингтер бойынша оқыту семинарын өткізді.
Циклды балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау/Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық барудың әмбебап моделі үйлестіру бөлімі ПБХҒО базасында жүргізді (ПӘПМ бойынша республикалық жаттықтырушы, ЮНИСЕФ, ҚазҰМУ балалар аурулары кафедрасының доценті Н.Г. Ким, БЖАЫҚ/ПӘПМ бөлімінің дәрігері Е.Ю. Антонова, БЖАЫҚ тренері, БЖАЫҚ/ПӘПМ бөлімінің дәрігері Г.Е. Алибаева). Тренинг практикалық дағдыларды, көрнекі құралдарды, ситуациялық міндеттерді және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген курсанттардың қатысуымен топтық, ұйымшыл жұмысты көрсете отырып, интерактивті форматта өткізілді.
Алматы қаласындағы емханалар базасында курсанттар жүкті әйелдер мен балалардың үйлеріне барды. Үйге барулар кезінде бірқатар жағдайларды бағалауға мүмкіндік туды, мәселен жүкті әйелдердегі қауіптерді, әлеуметтік жағдайы, депрессия, жаман әдеттердің болуы және т.б. Үйге барғаннан кейін әр істі талдаумен, тәуекелдерді «атаумен» және отбасын сүйемелдеудің жеке шынайы және орындалатын жоспарларын құрумен дебрифинг өткізілді. Талқылауға емханалардың патронаж қызметкерлері де, семинар тыңдаушылары да қатысты. Цикл аяқталғаннан кейін сертификаттар табысталды.
Аталған тренинг барысында Алматы қаласының ҚДБ №1, 6, 7 қалалық емханаларының патронаждық қызметтеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді, бұл МСАК ұйымдарын клиникалық база ретінде пайдалану тұрғысынан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы үшін де, МСАК ұйымдарының өздері үшін де өзара тиімді болып табылды.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы МСАК ұйымдарының басшылығы үшін де, патронаж қызметінің қызметкерлері үшін де одан әрі тренингтер мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.