Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 26-27 тамыз күндері «Аутоқабыну аурулары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатын Ресейден келген жетекші маман, Д. Рогачев атындағы БГОИ ҰМЗО-ның педиатрия және денсаулық сақтау ұйымы кафедрасының доценті, М.Ф.Владимирский атындағы Мәскеу Облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институтының балалар аурулары кафедрасының доценті, Ильин ауруханасының аутоқабыну ауруларын диагностикалау және емдеу орталығының жетекшісі, иммунолог, ревматолог, педиатр, жоғары санатты дәрігер, м.ғ.к. Козлова Анна Леонидовна өткізді.
Шеберлік сабағында Козлова Анна Леонидовна әртүрлі аутоқабыну ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті: Инфламмасомопатия немесе ИЛ1 – тәуелді аурулар, отбасылық жерорта теңізі безгегі, криопиринмен байланысты периодтық синдром, ТГ•4Н байланысты периодтық синдром, мевалонаткиназа тапшылығы синдромы, аутоқабыну аурулардың моногендік түрлері, DADA2 синдромы, PSTPlP1 – байланысты аутоқабыну синдромы, мультифакторлық аутоқабыну аурулары, Маршалл синдромы, созылмалы бактериялық емес остеомиелит, дифференциацияланбаған аутоқабыну синдромы.
Екі күндік оқу курсына Қазақстан Республикасының әр өңірінен 30-дан астам дәрігерлер қатысты, атап айтқанда педиатрлар, пульмонологтар, диетологтар, гастроэнтерологтар, ревматологтар, сонымен қатар иммунологтар мен орталық резиденттері тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды. Шеберлік сағаты аясында ресейлік білікті маман автоқабыну ауруларына шалдыққан балаларды қарап, өз кеңесін берді.
Іс-шараның мақсаты – дәрігерлерді аутоқабыну ауруларын анықтау, дифференциалды диагностика мен емдеу бойынша біліктіліктерін арттыру.
Шеберлік сағаты ғылыми-білім беру және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.
#біліктіліктіарттыру
#шеберліксағаты
#Аутоқабынуауруы
#Педиатрияорталығы
#педиатрия


