Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткізілген Қазақстан медицинасы күндері аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Өзбекстан Республикасының үш ұлттық орталығымен: Ұлттық балалар медициналық орталығымен, Балалар онкологиясы, гематологиясы және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық орталығымен және Республикалық мамандандырылған педиатрия ғылыми-практикалық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ташкент қаласында Қазақстан медицинасы күндері өтті. 13 қазан мен 17 қазан аралығында өткен Қазақстан медицинасы күндеріне көрші республикаға Қазақстаннан ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бастаған 100-ден астам делегат қатысты. Делегация құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, жетекші медициналық орталықтардың, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, фармацевтикалық өндірушілердің, медициналық жұртшылықтың өкілдері кірді.
Өзбекстандағы Қазақстан медицинасы күндері – бұл Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, екі республиканың азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибе мен білім, инновациялар мен технологиялармен алмасуға бағытталған іс-шара.
Меморандумға қол қою аясында медициналық туризмді дамыту, пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша медициналық білім беру саласында тәжірибе алмасу және т.б. мәселелері бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту көзделген.
15 қазан күні Басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары, ҚР ДСМ Бас штаттан тыс балалар онкологы және гематологы Ләззат Манжуова бірнеше Орталықта болды.
Ұлттық балалар медициналық орталығының директоры Б.Я.Омаровпен және директордың ғылым және білім жөніндегі орынбасары Д.Р.Сабировпен кездесуде екі орталықтың, бірлескен ғылыми жобалардың, клиникалық зерттеулердің базасында біліктілікті арттыру жоспарындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Балалар онкологиясы, гематологиясы және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық орталығында Орталық басшылығының, балалар онкологтары мен гематологтарының қатысуымен балалар онкологиясы және гематологиясы бойынша Халықаралық білім беру хабын одан әрі дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Медициналық кадрларды даярлаудың әртүрлі жүйесін ескере отырып, екі елде дипломнан кейінгі дайындық деңгейінде ынтымақтастықты дамыту ұсынылды. Бірлескен білім беру бағдарламалары айқындалды, бірлескен клиникалық зерттеулер, бірлескен клиникалық хаттамалар мүмкіндігі талқыланды, екі елдегі алдағы ғылыми-практикалық іс-шаралар туралы ақпараттармен алмасты.
Қазақстан медицинасы күндері аясында Ташкент мемлекеттік медицина университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ж.Д.Исраиловпен, госпитальдық педиатрия кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.И.Ахмедовамен кездесуде «ПБХҒО» АҚ базасында ТашММУ жоғары курс студенттерінің медициналық практикадан өту мәселелері, дипломнан кейінгі білім берудің бірлескен білім беру бағдарламалары, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мәселелері, ғылыми кадрларды даярлауға қатысу жөні талқыланды. Сонымен қатар, бірлескен қызмет бойынша негізгі бағыттар анықталды.
«Қазақстан-Өзбекстан: Денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар саласындағы ынтымақтастық» халықаралық форумында ҚР ДСМ Бас штаттан тыс балалар онкологы және гематологы Ләззат Манжуова баяндама оқып, Балалар онкологиясы орталығымен және Ұлттық балалар медициналық орталығымен меморандумдармен алмасты.
Қазақстан медицинасы күндері аясында Өзбекстанда ПБХҒО-ның жетекші мамандары көшпелі консультациялар, Ташкент және Нүкіс қалаларында шеберлік сабақтарын өткізді.
15 қазан күні Ташкент қаласында Балалар онкологиясы, гематологиясы және клиникалық иммунология ғылыми-практикалық орталығында ПБХҒО-ның клиникалық трансфузиологы Қуаныш Үмбетов «Балалар онкогематологиялық стационарындағы трансфузиологиялық қызмет. Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау үшін дің жасушаларын дайындап өңдеу», сондай-ақ онкогематологиялық аурулары бар балаларда емдік плазмоферез бойынша екі шеберлік сабағын өткізді.
13-15 қазан күндері Нүкіс қаласында Педиатрия орталығының неонаталдық хирургы, неонатология және жаңа туған нәрестелер хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Кәукенбаева Гүлмира Төлепбекқызы Республикалық балалар көпсалалы орталығында оқыту шеберлік сабағын өткізді.
Екі күндік шеберлік сабағына Өзбекстанның 28 маманы қатысты: дәрігер-неонатологтар, балалар хирургтары, дәрігер-анестезиологтар-реаниматологтар, балалар Орталығының бөлім меңгерушілері.
#Өзбекстан
#ЛәззатМанжуова
#меморандум
#Педиатрияорталығы
#Қазақстанмедицинасыкүндері


