5-7 қараша күндері Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп, «Педиатр тәжірибесіндегі сирек кездесетін тұқым қуалайтын гепатопатиялар» тақырыбында үш күндік шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шараға медицина ғылымдарының докторлары: Майра Нәбимұратқызы Шәріпова мен Әсел Қайратқызы Төлебаева, PhD, балалар гастроэнтеролог дәрігері Олжас Болатұлы Абдрахманов, сондай-ақ Қазақстанға ҚазҰМУ-ға сапармен келген білікті профессор Анна Тильки-Шимански (Балалар мемориалдық медициналық орталығы, Варшава, Польша) қатысты.
Шеберлік сабағы жұмысына педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, гастроэнтерологтар, генетиктер, инфекционистер және Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ ПБХҒО және ҚазҰМУ резиденттері қатысты.
Бағдарлама аясында лизосомалық қышқыл липаза тапшылығы, I типті тұқым қуалайтын тирозинемия, Гоше, Ниман-Пик және Вильсон аурулары, гликогеноздар және т.б. сияқты сирек кездесетін тұқым қуалайтын бауыр ауруларын ерте диагностикалаудың, маршруттаудың және емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды. Клиникалық және пациенттерді диагностикалау тұрғысынан күрделі жағдайларға талдау жүргізілді және профессор Тильки–Шиманскимен бірлескен кеңестер берілді.
Шеберлік сабағы дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және балалардағы сирек кездесетін метаболизмдік аурулардың ерте диагностикасын жетілдіруге бағытталған Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен ҚазҰМУ-дың және жетекші шетелдік клиникалар арасындағы тұрақты әріптестіктің жалғасы болды.
#шеберліксабақ
#педиатрия
#Педиатрияорталығы
#тәжірибеалмасу


