Елімізде 3 наурыздан бастап апта сайын республикалық педиатриялық сағат өтеді.
Алғашқы дәріс Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалардағы көп жүйелі қабыну синдромы» тақырыбында өтті. Онлайн дәрісті балалар кардиологы, ревматолог, м.ғ.д., профессор Валентина Ишуова жүргізді.
Республикалық педиатриялық сағатқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы облыстық денсаулық сақтау басқармалары басшыларының орынбасарлары, штаттан тыс бас педиатрлар, салалық мамандар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ЖТД) және еліміздің түкпір-түкпірінен басқа да 200-ден астам мамандар қатысты.
Педиатриялық көмек – балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың, аурулардың алдын алудың және ерте диагностикалаудың негізгі басты бағыттарының бірі.
#педиатриялық сағат
#Педиатрияорталығы
#педиатрия
#ВалентинаИшуова




