×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_15.09.2017 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 2017 жылдың 11-15 тамыз күндері аралығында «Неонатологиядағы анестезия және қарқынды емдеудің заманауи технологиялары» тақырыбында Литвадан келген шетелдік маман, Каунасс университеттік клиникасы профессорының ассистенті Раса Бринкистің қатысуымен шеберлік сынып өтті.

Кәсіби біліктіліктерін арттыруға арналған шараға еліміздің әр аймағынан келген 25-тен астам неонотологтар мен реаниматологтар қатысты.

Оқыту тренингінің басты мақсаты – неонатология және нәрестелерді қарқынды емдеу саласындағы қазіргі ғылыми жетістіктерге негізделген теориялық білім беру, жас мамандарды практикалық машықтану және шеберлікке үйрету болып табылады.

Біра аптаға жалғасқан шеберлік-сыныбы барысында операция алдындағы дайындық, анестезиологиялық қамтамасыз ету және туа біткен дамуының ақауы бар нәрестелерді операциядан кейін қарау, неонатологиядағы септикалық жай-күйді диагностикалау және қарқынды емдеу мәселесі, қиын жағдайларда нәрестелердің қорғалу тәртібі, күтімі және емі бойынша заманауи технологиялар, базалық қағидалар қаралды.Шеберлік сыныбы аясында сонымен қатар, нәрестелік кезеңде түрлі патологияға шалдыққан 10 пациентке кеңес берілді.

«Медицинаның қазіргі даму кезеңінде жаңа туылған пациенттердің өміршеңдік көрсеткіштерін жақсарту, оңалту және олардың жоғары сапалы өмір сүруі негізгі міндет болып табылады. Неонатальдық кезеңде түрлі патологиядағы әр жағдайдың нәтижесі, әр нәрестенің жақсы болып кетуі көбінде білікті неонатолог мамандардың, неонатальдық хирургтардың, анестезиолог-реаниматологтардың және мейірбикелердің үйлесімді бірлескен жұмысына байланысты. Іштегі және жаңа туылған нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында туа біткен ақауды дер кезінде анықтаған және хирургиялық жолмен түзеткен жағдайда дамуында аномалиясы бар балалардың 40-50%-ның өмірін сақтауға болады», деп атап өтілді шара барысында.

Нәрестелер патологиясы денсаулық сақтау саласының ғана емес, тұтас мемлекеттің маңызды мәселесі, себебі оны емдеу, сондай-ақ балалар мүгедектігінің жоғары болуы қыруар материалдық шығынды талап етеді және осы патологиялар балалар өлім-жітімінің себебі болып табылады.

 

{gallery}News_15.09.2017{/gallery}