Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында16-20 қазан аралығындаЧехиядан келген шетелдік мамандар «Гемопоэздік өзектік жасушаларды гаплоұқсастрансплантациялау» атты тақырыпта шеберлік сынып өткізеді.
Бес күнге жалғасатын дәрісті Мотол университеттік клиникасының гемопоэздік өзектік жасушаларды трансплантациялау бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Петр Седлачек, Гематология және қан құю институтының жасушаларды емдеу бөлімі басшысының өкілі, медицина ғылымдарының докторы Сарка Рахматова, Гематология және қан құю институтының қарқынды емдеу бөлімінің дәрігері, медицинағылымдарының докторы (MD)Яна Видра жүргізеді.
Оқыту тренингтің басты мақсаты – гемопоэздік өзектік жасушаларды трансплантациялау бойынша теориялық білім және практикалық дағдыларды әрі қарай жетілдіру, гемопоэздік өзектік жасушаларды трансплантациялаудың әртүрлі жолдарына оқыту, соның ішінде гематологиялық, онкологиялық, иммунологиялық және тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге гаплоұқсас трансплантация жасау, гемопоэздік өзектік жасушаларды гаплоұқсастрансплантациялаудан кейінгі асқынулардың алдын алу және оны емдеудің заманауи әдістеріне оқыту, сондай-ақ гемопоэздік өзектік жасушалардытрансплантациялаудан кейін пациенттерді диспансерлік бақылау.
Шерлік-сыныбының негізгі міндеттері:
-Онкогематологиялық ауруға шалдыққан пациенттергетрансплантация жасаудың және ілеспе түзетулердің жаңа әдістерін көрсету;
-Трансплантация жасау алдындағы дайындыққа және трансплантациялаудан кейін пациенттерді қараудың заманауи әдістеріне оқыту;
-Өзектік гемопоэздік жасушаларды бөлудің заманауи әдістерін меңгеру;
- Иесіне қарсы трансплантат реакциясының профилактикасы және оны емдеудің жаңа технологияларымен танысу;
- Трансплантологияда профилактикалық және қарқынды емдеудің, күтім жасаудың заманауи технологияларына оқыту.
Шеберлік сыныбына еліміздің әр аймағынан 25 маман қатысуда, олардың арасында бала онкологтары және гематологтары бар. Дәріс аясында түрлі гематологиялық, онкологиялық, иммунологиялық және тұқым қуалайтын ауруларға шалдыққан 15 пациентке кеңес беру жоспарлануда.
{gallery}News_16.10.2017{/gallery}