×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but News_31.01.2018 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

2018 жылдың 31 қаңтар күні Денсаулық сақтау министрлігі мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қатысуымен Қазақстан Республикасында балалар онкологиялық және гематологиялық қызметін жетілдіру бойынша Жол картасын орындау жөнінде онлайн режимде есеп беру жиыны өтті. Есепті талқылауға ҮЕҰ, пациенттік ұйымдар, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және басқа да медициналық ұйымдар белсене қатысты.

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша республикада қатерлі ісікке бірінші рет шалдыққан 610 бала анықталды (жылына орташа алғанда шамамен 600 бала бірінші рет ауырады). Жалпы балалардың онкологиялық ауруға шалдығуы  шамалы ғана артқандығы байқалады, бұл диагностиканың жақсартылуына байланысты болуы мүмкін. Барлық дүние жүзіндегідей балалар онкологиялық патологиясы құрылымының ішінде бірінші орында тұрған жіті лейкоздар (39%), одан әрі қарай бас миының ісігі (16 %) және нейробластомалар (13%). Жас ерекшелігі құрылымында шамамен 40% ерте жастағы балалар ауырады, әлемдік статистика деректері бойынша бұл негізінде туа біткен сипаттағы ісіктер. Қатерлі ісіктерді ерте сатыларында анықтау арқылы емдеу нәтижелерін болжауға болатыны белгілі, сондықтан соңғы жылдары республикада алдыңғы буын дәрігерлерін онкологиядан сақтануға және халықты аурудың бастапқы белгілерінен хабардар болуын арттыру бойынша кең ауқымда оқыту жұмыстары атқарылды. Соның арқасында, балалар қатерлі ісігін 1-2 сатыларында анықтау 2015 жылдан бастап 11,2%-ға жақсарды.


Балалар онкологиялық және гематологиялық қызметі бойынша Жол картасы аясында бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді, кейбір клиникалық хаттамалар қайта қаралды, аймақтардағы практикалық денсаулық сақтауға енгізу үшін көптеген әдістемелік жұмыстар жүргізілді, онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға көмек көрсететін республикалық орталықтар заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен қосымша жарақтандырылды және трансплантология мен оңалтуды дамыту бойынша шаралар өткізілді.


Кеңестің қорытындысы бойынша жіті лимфобластық лейкозға шалдыққан балалардың тірі қалуы 78%-ға дейін, лимфомамен 79%-ға дейін, бүйрек ісігімен 82%-ға дейін, ретинобластомамен 92%-ға дейін, сүйек ісігіменаман қалу 90%-ға дейін артқаны байқалды, бірақ, бас миы ісіктерін, нейробластоманы, жіті миелобластық лейкозды емдеу нәтижелері әлі де төмен болып қалып отыр. Осы науқастарға негізгі ем жүргізетін 2 республикалық орталық бойынша онкологиялық ауруларға шалдыққан балалардың өлімі 2%-ды құрайды. Осыған қарамастан балалардың онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімі республика бойынша балалар өлім-жітімінің жалпы құрылымында көш бастап тұрған жоқ. Балалар өлім-жітімінің құрылымында бірінші орында тұрған нәрестелік кезеңдегі жағдайлар, ал екінші орында дамудың туа біткен ақаулары тұр.

 
Балалардағы сүйек кемігін трансплантациялаудами бастағанынан бері 2012-2017 жылдар аралығында республикада 107 трансплантациялау жасалынды, оның 47-сі өткен жылы орындалды. Сүйек ісіктері бар балаларға олардың ісіктен зақымданған аяқ-қолдарын сақтап қалуға мүмкіндік беретін және баланың өмір сүру сапасын жақсартатын эндопротездеу сияқты оталар көптеп жасалынатын болды.


Балалардағы ісіктерді емдеудің заманауи кешенді бағдарламасын, хирургиялық емдеудің жаңа әдістерін және сәулемен емдеуді бұдан әрі де қолдану қатерлі ісікке шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығын әрі қарай да арттырып, тіпті, кейбір онкологиялық аурудан толық айығуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде баладағы қатерлі ісік ауруы жазылмайтын сырқат емес, заманауи диагностикалауды, мамандар мен науқастардың ата-аналары бірлесіп күш салуды қажет ететін күрделі диагноз ғана.  

 

«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі

{gallery}News_31.01.2018{/gallery}