Алматы ингаляциялық терапияны жүргізуге арналған Орталық Азия елдерінде теңдесі жоқ небулайзерлік кабинет ашылған алғашқы пилоттық өңірге айналды. Жоба Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының денсаулық сақтау саласындағы инновациялық медициналық технологиялардың сапасын көтеру және қолжетімді етуге қатысты Елбасы жолдауын жүзеге асыруға арналған бағдарламасы болып табылады.

Бүгін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында тыныс алу жүйесіндегі ауруларға шалдыққан науқастарға небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасындағы тұңғыш кабинет ашылды. Ашылу салтанатына Педиатрия орталығының жетекші мамандары, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар қатысты.

Небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған кабинет Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, медициналық жабдық өндіретін халықаралық «Homed Medical Device Co., Ltd.» компаниясы және тыныс алу жүйесіндегі ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттарды жасап шығаратын халықаралық «АстраЗенека» биофармацевтикалық компаниясының бірлесе жұмыс жүргізуі арқасында ашылып отыр.

Респираторлық патологиялар әртүрлі елдердің халқы арасындағы өлім-жітім құрылымында басты орындарды алып отырған ауру және де бұл аурулар ірі қалалардың урбанизация деңгейінің жоғарылауына байланысты ұдайы артып келеді. Қазақстан Республикасында емханаға жатқызылған кішкентай жастағы науқастар арасында өкпенің созылмалы обструктивті аурулары басым түсіп отыр, олардың ішінде муковисцидоз 7,7%, бронхоэктатиялық ауру 9,9%, созылмалы бронхит 10% және тыныс демікпесі 15%-ды құрайды. Емханаға жатқызылған мұндай науқастарды емдеу кезінде пероралды және парентералды дәрілік заттарды қабылдау қиынға соғады. Тыныс алу жолдарын емдеуге арналған жаңа құрылғы, нақты айтқанда ингаляция жасау арқылы дәріні енгізу аппараты науқастардың жағдайын жеңілдетіп, өткір ауруларды басып, тезірек емделіп кетуге және стационарда жату уақытын азайтуға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Небулайзерлік терапияны жүргізуге арналған тұңғыш палата толығымен жабдықталып, Орталыққа ақысыз негізде табысталды. Кейірінек бүкіл елімізде осындай кабинеттерді ашу жоспарланған.

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі