×

Ошибка

[SIGPLUS_EXCEPTION_SOURCE] Image source is expected to be a full URL or a path relative to the image base folder specified in the back-end but 1-06-2019 is neither a URL nor a relative path to an existing file or folder.

 {gallery}1-06-2019{/gallery}

        Бүгін 1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникада ем алып жатқан балаларға арналған «Армансыз күнім болмайды» атты мерекелік шара өтті.

         Ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлап, аты жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялатуға ұмтылған шараның психологиялық көмегі көп.

         Шараның ашылуында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева мен осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған HelpToday қоғамдық қорының жетекшісі Эльмира Алиева балаларға жылы тілектерін айтып, барша қауымды Балалар күнімен құттықтады.

         «Ең бастысы, біздер, дәрігерлер, медбикелер, әрқашан біздің балаларымыздың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеміз. Біз барлық баланың бақытты болғанын қалаймыз. Біздің орталықта ем алып жатқан балаларға зор денсаулық тілеймін! Тезірек емделіп, бізге тек профилактикалық тексерілуге келіп тұрса дейміз. Бүгін нағыз қуаныш пен балалардың шат-шадыман күлкісіне толы мереке болсын!», деп атап өтті Р.Боранбаева.

         Мерекелік концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, «Талисман» тобы, «Tribal Pro» би тобы, Райм мен Артур және т.б. эстрада жұлдыздары қатысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналары өнер көрсетті. Балалар бір ай бойы концертке дайындалды. Сонымен қатар дәрігерлер де қалыс қалмай, флеш-моб ұйымдастырып, арнайы биін балаларға тарту етті. Шара барысында орталықта ем алған, ауыр дертті бір емес, екі рет жеңген (3 және 9 жасында), ұзақ және қиын жолдан өткен Алин Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып, балаларға жақсылыққа деген сенім тіледі.   «Балалар ешқашан сенімдеріңді жоғалтпаңдар. Мен еш қиындыққа қарамастан бұл аты жаман ауруды жеңдім. Түн артынан күн, бұлтты күн артынан, шуақты күн шығатынындай, сендерге де жеңуді, үміттеріңді жоғалтпауларыңды сұраймын», деді А.Абдулам.

         Шара аясында балалардың сурет және қолөнер көрмесі өтті. Балалар үшін аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылды. «We Art» ұйымының еріктілері мен аниматорлары бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, балалармен бірлесе түрлі ойындар ойнады.

         Мереке соңында шараға қатысқан балалар мен Сурет байқауының жеңімпаздары «Help Today» қоғамдық қорының сыйлықтарымен және арнайы дипомдарымен марапатталды.

         Айтулы мерекемен сонымен қатар «Бауыржан» қайырымдылық қоры құттықтап, кардиология, онкология және гематология бөлімінде жатқан барша балаға түрлі сыйлықтар үлестіріп, науқас балалардың жүздеріне қуаныш сыйлады.

         Шараның ұйымдастырушылары - «Help Today» қоғамдық қоры мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі