Алматы қаласында 2019 жылғы 6-10 тамыз күндері аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің неврология және нейрохирургия кафедрасы мен «Альфред» балалар неврологиясы және жалпы оңалту ғылыми-клиникалық орталығы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында неонатологтар мен балалар неврологтарына арналған «Ерте жастағы балалардың жалпы қимыл-қозғалысын бағалау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағатын өткізу үшін базалық курс дәріскерлері – неонатальдық невролог, Грац Университетінің (Австрия) физиология кафедрасының профессоры Криста Эншпилер, неврология кафедрасының меңгерушісі, Дипломнан кейінгі білім беру университетінің профессоры Пальчик Александр Бейнусович (Санкт-Петербург қ., Ресей) арнайы шақырылды.

Шеберлік сағатына Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен ерте жастағы балалар ауруларының диагностикасымен айналысатын 56 бала неврологтары, неонатологтар, педиатрлар, соның ішінде Қырғызстан Республикасынан 5 дәрігер қатысты.

Жалпы қимыл-қозғалысқа баға беру – 2017 жылы ҚР ДСМ-нің балалардың церабралдық параличі (БЦП) бойынша клиникалық хаттамасына енген 0-ден бастап 6 айлық жасқа дейінгі ерте жастағы шала туған және мерзімі жетіп туған балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтауда қолданылатын стандартталған әдіс. Осы аталған әдістің арқасында дәрігерлер БЦП-ны саралап және балаларды емдеу үшін ерте араласуға жолдай алады, бұл балалардың неврологиялық мүгедектігінің алдын алу болып табылады. Шеберлік сағатын өткізу кезінде неонатальдық кезеңнен бастап бір жасқа дейін жүйке жүйесінің зақымдануын ерте анықтау мәселелері баяндалды. Курс аяқталғаннан кейін дәрігерлер Прехтла әдісі бойынша жалпы қимыл-қозғалысқа баға беру бойынша Еуропалық сертификат алды.

Осындай білім беру курстарын өткізу және тәжірибе алмасу ерте жастағы балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, республикадағы неврологиялық мүгедектіктің алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі