«Сальмонеллез ауруының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.01.2012 жылғы №33 бұйрығы.

Бөлімшеге алып келуге рұқсат етілген тағамдар тізімі:

- Минералды газдалмаған су;

- Зауыттық қаптамадағы табиғи шырын;

- Банандар – 2 дана;

- Сүт – 1 пакет, ірімшік, йогурт, қаймақ (зауыттық қаптамада);

- Айран – 0,5 л.

- Алма – 0,5 кг.

- Қызанақ 0,5 кг.

- Қияр 0,5 кг.

- Пісірілген ет 500 гр-нан көп емес.

Клиникаға әкелуге рұқсат етілмейтін тағамдар:

- Шұжық тағамдары, ысталған, сүрленген (сан ет, тауық еті) тағамдар;

- Тұшпара, самса (шикі);

- Шикі жұмыртқа;

- Газдалған сусындар (лимонад, кока-кола, спрайт және т.б.);

- Майонез;

- Үйде дайындалған сүт өнімдері;

- Көп компонентті үйде дайындалған, базардан және дүкеннен сатып алынған салаттар;

- Қызанақ пастасы, кетчуп;

- Құлпынай, шие, алхоры, өрік;

- Зауытта және үйде дайындалған кремді кондитерлік өнімдер.

Тағамдар тоңазытқышта, целлофан қалтада, аты-жөні, палата нөмірі, дайындалған уақыты және күні көрсетіліп сақталуы керек!

Сүт өнімдерін сақтау мерзімі

Сүт – 24 сағат;

Айран, майлы айран, ірімшік, қаймақ, кілегей – 48 сағат.

Басқа тағамдарды сақтау мерзімі:

Ет сорпасы, компот, кисель – 24 сағат;

Көкөністер және жемістер – 48 сағат.