Клиникалық-диагностикалық зертхана:
- жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулер жүргізеді;
- талдау жасау сатылары толығымен автоматтандырылған және қазіргі заманға лайық автоматты гематологиялық, биохимиялық, иммунофлюоросцентті, коагулометриялық таулауыштарда жүзеге асырылады;
- күнделікті биохимиялық зерттеулермен қатар дәрілік заттардың: такролимус, метотрексан, циклоспорин деңгейіне мониторинг жүргізіледі, гемостазаның коагуляциялық және тромбоциттік буындарына скрининг және қанның ұюы мен VIII, IX, XI факторларына арнайы ингибиторлар анықталады.
Соңғы жыл ішінде КДЗ: қандағы прокальцитонин деңгейін (септикалық ахуал маркері), нейронға тән енолазалар (нейроэндокриндік ісіктердің ерекше маркері), гомованилин және ванилилминдальды қышқылдар (адреналин мен норадреналиннің соңғы өнімдері) деңгейін анықтау сияқты зерттеудің жаңа түрлері енгізілген.
Бактериологиялық зертхана микроағзалардың құрамын зерттейді, микроағзаларды сәйкестендіреді, бактерияға қарсы дәрі-дәрмектердің сезімталдығын анықтайды. “Walk Away-40” автоматты бактериологиялық талдауыш микроағзалардың 360 астам түрлерін сәйкестендіруге, алғашқы себуден кейін 24 сағат ішінде микробқа қарсы дәрілерге сезімталдығын анықтау талдау қызметінің ұзақтығын 12-16 сағатқа қысқартады.
Клиникалық патоморфология зертханасы хирургиялық, гастроэнтерологиялық, урологиялық, онкологиялық және онкогематологиялық аурулардың әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі (I-IV) операциялық-биопсиялық материалдарға диагностика жасайды. Сонымен қатар патоморфолог дәрігерлер гистохимиялық зерттеу әдістерін меңгерген.
2013 жылдан бастап зертханаға енгізілді:
- бауырдың жіңішке инелік биосияларын патоморфологиялық зерттеу
- сүйек кемігінің трепанациялық биопсиялары
- иммундық гистохимиялықталдау.
Патоморфологиялық зертхана келесі аурулардың диагностикасына бағытталған:
- мальабсорция синдромы, Гиршпрунг ауруы,
- аплазиялық қаназдық
- жеделаққандылық,
- тыныс алу ағзаларының, асқазан-ішек жолдарының, несеп-жыныс жүйесінің туа біткен ақаулары.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының иммунология зертханасы Орталық Еуропалық сапаны бақылау қауымдастығы (Хайдельберг қ., Германия) жүзеге асыратын ағынды цитометрия саласындағы халықаралық сертификатқа ие, Қазақстандағы жалғыз зертхана.
Цитогенетика зертханасында тұқымқуалаушылық патологиялар кезінде, сонымен қатар гематология және онкология саласында хромосомалық абберацияларды анықтауға арналған бірегей зерттеулер жүзеге асырылады. Цитогенетик мамандар алыс және жақын шетелдердің емдеу мекемелерінде жоғары мамандандырылған білім беру бағдарламаларынан өткен (Ресей, Израиль, Германия). Цитогенетикалық зерттеулер диагнозды дәл қоюға, пациенттерді қауіп-қатер топтарына бөлуге және сол арқылы барынша тиімді емдеу хаттамаларын таңдауға мүмкіндік береді.
Цитогенетика зертханасында соңғы 2 жыл ішінде нүктелі ДНК-мутациясын анықтау үшін флюоресцентті гибридизация in situ әдістемесі енгізілді. Бұл әдіс жұмсақ тіндер мен без ісіктерінің диагностикасын оңтайландыруға ықпал етеді.
Молекулярлық генетика зертханасы биологиялық материалдағы жұқпалы микроағзаларды сандық және сапалық әдіс арқылы ДНК анықтау үшін скринингтік зерттеулер жүргізіледі. В,С гепатиті, цитомегаловирусты жұқпалар кезінде вирустың көшірмелердің ең аз мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Зертхананың мамандары Оңтүстік Корея және Ресей елдерінің жетекші медициналық мекемелерінде білім алған.