Заманауи сәулелік диагностика – клиникалық медицинаның қарқынды дамып келе жатқан саласы. Бұл айтарлықтай дәрежеде физика және компьютерлік технологиялар саласындағы прогреспен байланысты. Сәулелік диагностика дамуының авангарды томография әдістері болып табылады: адам денесіндегі патологиялық процестің сипатын инвазивті емес бағалауға мүмкіндік беретін рентгендік компьютерлік (РКТ) және магниттік-резонанстық (МРТ).  

КТ және МРТ кезінде контрасты препараттарды қолдану диагностиканың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді,ал көп жағдайда зерттеудің міндетті компоненті болып табылады.

МСКТ (мультиспиральды компьютерлік томография) мен МРТ сәулелік диагностикада «қарапайымнан күрделіге» принципінен бұрын қолданылған әдістемелердің бір қатарын ауыстыра отырып «барынша ақпараттылық» принципіне көшуді қамтамасыз етті.

КТ бүгінгі күні – ми, омыртқа, өкпе және көкірек, бауыр, бүйрек, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, қолқа және өкпе артериясы, жүрек және басқа да бірқатар ағзалардың көптеген ауруларын диагностикалаудың жетекші әдісі. Бастапқы диагностика әдісі ретінде де, алдын ала диагноз УДЗ немесе клиникалық тексеру арқылы қойылған кезде нақтылаушы әдістеме ретінде де қолдануға болады.

МСКТ – бұл өкпе мен қаңқа сүйектері ауруларын диагностикалаудың ең жақсы әдісі.

МРТ – бас және жұлын, омыртқа, буындар, құрсақ қуысы (асқазан мен ішекті қоспағанда) және кіші жамбас, сондай-ақ жүрек пен қан тамырлары ауруларын диагностикалаудың ең тиімді әдістерінің бірі. МРТ көбінде анықтау әдісі ретінде қолданылады.

МРТ-ның басты артықшылығы әртүрлі жұмсақ тіндердің сапалы бейнелерін контрасты препаратты енгізбестен алу мүмкіндігінде, сондай-ақ сәулелік жүктеменің болмауында.

Әдетте, МРТ өкпені, асқазанды, ішекті, сүйекті зерттеу үшін қолданылмайды.

УДЗ – диагностиканың кең таралған әдісі. Ол пациентті сәулелік жүктемеге ұшыратпайды және зиянсыз деп саналады. Ультрадыбыстық зерттеу скрининг үшін қолданылатын диагностиканың стандартты әдісі болып табылады. Пациенттің аурулары мен шағымдары әлі болмаған жағдайларда, клиникаға дейінгі ерте диагностика үшін УДЗ қолдану керек.

УДЗ қолдану саласы: құрсақ қуысы мен бүйрек, кіші жамбас, қалқанша без, сүт безі, жүрек, қан тамырларының ауруларын анықтау, акушерлік және педиатриялық практикада.

 

СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ КАБИНЕТТЕРІН ЖАБДЫҚТАУ

 

РЕНТГЕН КАБИНЕТ:

Рентген бөлімшесі рентгендік сәулелену дозасын жоғары сапада төмендетуге мүмкіндік беретін PHILIPS және SIEMENS фирмасының жаңа сандық аппараттарымен жабдықталған.

Бөлімнің көрсететін қызметтері:

Сәулелік диагностика бөлімшесінде жүргізілетін рентгенологиялық зерттеулердің тізбесі:

  • сүйек-буын жүйесін зерттеу
  • асқазан-ішек жолдарын зерттеу
  • несеп-жыныс жүйесін зерттеу
  • кеуде қуысының мүшелерін зерттеу

Контрастылы заттарды пайдалана отырып Рентген зерттеулерінің арнайы әдістері:

  • урография
  • цистография
  • уретерография
  • ирригография
  • дуоденография
  • фистулография
  • холецистография
  • спленопортография

Рентгендік тексеру туберкулезді, қабыну ауруларын, онкопатологияны анықтауға мүмкіндік береді.

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ:

Компьютерлік томография кабинеті Brightspeed 16 Elite мультиспиральді компьютерлік томографымен жабдықталған – GE компаниясының құрылымы мен ең заманауи технологияларды біріктіретін әзірлеме.

BrightSpeed компьютерлік томографы түтіктің бір айналымы үшін жоғары ажыратымдылығы бар 16 кесікке дейінгі суреттерді алуға мүмкіндік береді. Кесіктің ең аз қалыңдығы 0,625 ММ.

Бөлімнің көрсететін қызметтері:

  • Бауыр және өт қабын КТ
  • Ұйқы безін КТ
  • Көкбауырды КТ
  • Бүйректі КТ
  • Қуықты КТ
  • Ұма және аталық безді КТ
  • Жатыр және аналық безді КТ
  • Миды КТ
  • Бет қаңқасын КТ
  • Айыр безін КТ
  • Кеуде қуысы, өкпе ағзаларын КТ
  • Лимфа түйіндерін КТ
  • Буындарды КТ
  • Тірек-қимыл аппаратын КТ
  • Мойынды КТ
  • Орбитаны КТ
  • Мұрынның қосалқы қуысын КТ
  • Самай сүйектерінің КТ

 


МАГНИТТІ-РЕЗОНАНСТЫ ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ:
Магнитті-резонансты томография кабинеттері: жабық МРТ SIEMENS MAGNETOM ESSENZA 1.5 T performance жабдықтарымен жабдықталған
TIM технологиясын пайдалану арқылы аппарат зерттеудің жоғары сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік береді және зерттеу жүргізу уақытын барынша қысқартады. Tim технологиясы пациенттің бүкіл денесін катушкаларды репозициялаусыз және қайта орнатпай сканерлеу арқылы тиімді тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді, сигнал/шу арақатынасын және қуатты градиентті жүйені арттыру есебінен жергілікті МР бейнелердің сапасы жоғары.
Siemens Magnetom С! 0.35 T ашық типті МРТ клаустрофобияға шалдыққан және белі кең пациенттерді қоса алғанда, күніне көптеген науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ең үздік ашық МРТ-ның бірі.

 

 

Бөлімнің көрсететін қызметтері:

  • Бауыр және өт қабын МРТ
  • Ұйқы безін МРТ
  • Көкбауырды МРТ
  • Бүйректі МРТ
  • Қуықты МРТ
  • Ұма және аталық безді МРТ
  • Жатыр және аналық безді МРТ
  • Миды МРТ
  • Омыртқа бағанасын МРТ
  • Айыр безін МРТ
  • Лимфа түйіндерін МРТ
  • Буындарды МРТ
  • Тірек-қимыл аппаратын МРТ
  • Орбитаны МРТ
  • Мойынды МРТ
  • Мұрынның қосалқы қуысын МРТ
  • Ангиорежимде қан тамырларын МРТ

Рентген, КТ және МРТ тексеру нәтижелері пациенттерге лазерлік пленкада, сондай-ақ талап ету бойынша CD/DVD дискілерінде беріледі.

УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКА КАБИНЕТТЕРІ:

УДЗ кабинеттері SIEMENS, PHILIPS, LOGIC фирмаларының заманауи аппараттарымен жабдықталған, тамаша бейнелерді алуға мүмкіндік береді, диагностиканың дәлдігін арттырады. Нақты визуализация арқасында тіпті шамалы ауытқулар мен патологияларды нәтижелі анықтауға болады. Жоғары контрастылық тіндерді ажыратуға көмектеседі, ал өте жақсы сіңіру қабілеті беткі және терең жатқан құрылымдарды зерттеуге мүмкіндік береді.

Бөлімде УДЗ-диагностикасының келесі түрлері жүргізіледі:

  • Нейросонография
  • Церебральды тамырлардың допплерографиясы.
  • Бауыр және өт қабын УДЗ
  • Ұйқы безін УДЗ
  • Көкбауырды УДЗ
  • Бүйректі УДЗ
  • Қуықты УДЗ
  • Ұма және аталық безді УДЗ
  • Жатыр мен аналық безді УДЗ
  • Жүрекішілік ағындардың допплерографиясымен эхокардиография
  • Айыр безін УДЗ
  • Қалқанша безін УДЗ
  • Лимфа түйіндерін УДЗ
  • Асқазанды УДЗ
  • Бүйрек қан ағымының допплерографиясы
  • Порталды жүйені БУДЗ
  • Іш қуысы тамырларының допплерографиясы

Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 299-13-05, 269-74-73

 

СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ

Сергелов

 

САРГЕЛОВ СУНДЕТИЛЛА ШАКИРХОЖАЕВИЧ

 

Сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жалпы өтілі – 23 жыл, «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша – 15 жыл.

ПБХҒО-да жұмыс мерзімі – 23 жыл.

1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген.

1996-2003жж. – пульмонология бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері.

2003ж. – «Балалардағы өкпенің обструктивтік аурулары кезіндегі цитоморфологиялық көрсеткіштер және протеазно-ингибиторлық баланс» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғау.

2004ж. – Бастапқы мамандану: «Рентгенология», АДБЖИ,  Алматы қ.

2004-2008 жж. – Сәулелік диагностика және УДЗ бөлімшесінің дәрігері.

 

 

2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – сәулелік диагностика және УДЗ бөлімшесінің меңгерушісі.

2009ж. – «Сәулелік диагностиканың таңдаулы сұрақтары (компьютерлік томография және магнитті-резонанстық томография)» тақырыбы бойынша мамандану, Санкт-Петербург дипломнан кейінгі оқытудың медициналық академиясы, Санкт-Петербург қ.

2014ж. – «Құрсақ қуысы және ішперде асты кеңістігі, кіші жамбас органдарының компьютерлік томографиясы және магниттік-резонанстық томографиясы» мамандану, Қосымша білім беру институты, Алматы қ.

2016ж. – «Балалардағы қатерлі ісіктерді сәулелік диагностикалаудың (рентген, КТ, МРТ) заманауи әдістері» циклі бойынша, «Сәулелік диагностика (балалар)» мамандығы бойынша мамандану, «Дмитрий Рогачева атындағы Балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы федералдық ғылыми-клиникалық орталығы» ФМБМ (Мәскеу қ., Ресей).

 

Енсепбаев

 

ЕНСЕПБАЕВ МУРАТ АМАНГЕЛЬДИЕВИЧ

 

Жоғары санатты дәрігер. Мамандығы – сәулелік диагностика. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 12 жыл. ПБХҒО-да жұмыс мерзімі – 17 жыл.

1992 жылы – Алматы мемлекеттік медицина институтының бітірген.

2008 жылы – АДБЖИ-да сәулелік диагностика бойынша бастапқы мамандану.

2010 жылы – біліктілігін арттыру, Академик Е.Н.Мешалкин атындағы ҰМЗО, Новосибирск қ.

2013 ж. –  Біліктілікті арттыру, Анкара қ., Түркия.

2014 ж. – Біліктілікті арттыру курстары, «Дмитрий Рогачева атындағы Балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы федералдық ғылыми-клиникалық орталығы» ФМБМ (Мәскеу қ., Ресей).

 

Тайнекова

 

ТАЙНЕКОВА АМАНКУЛЬ ШУИЛБАЕВНА

 

ПБХҒО-ның бірінші санатты дәрігері.

Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 8 жыл.

1989-1995жж. – Алматы мемлекеттік медицина университеті.

2011 жылы – Сәулелік диагностика бойынша бастапқы мамандану, АДБЖИ, Алматы қ.

2017 жылы – Біліктілікті арттыру, АДБЖИ, Алматы қ.

 

527575

 

Қаблан Әсел Бауыржанқызы – ПБХҒО сәулелік диагностика бөлімшесінің дәрігері.

2012-2017 жж -  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы медицина» факультеті, бакалавриат

2017-2019 жж - С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы тәжірибелік дәрігер», интернатура

2020-2022 жж - С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Сәулелік диагностика», резидентура

2022 жыл тамыз айынан -  ПБХҒО сәулелік диагностика бөлімшесінің дәрігері.

 

Айтбаева

АЙТБАЕВА АЙГУЛЬ МАРАТОВНА

 

Жұмыс тәжірибесі:

1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ПБХҒО сәулелік диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері (Алматы қ., әл-Фараби 146).
2010-2015жж. – АДБЖИ, Ультрадыбыстық диагностика кафедрасы, қоса атқарушы.
1999-2000жж. – дәрігер физиотерапевт.
1994-1997жж. – «Тұран» сақтандыру компаниясы, сарапшы жұмысы бойынша дәрігер-педиатр.
1993-1994жж. – Алматы қ. №1 ҚБЖАА, дәрігер зертханашы.

Білімі:

 

1997-1999жж. – ПБХҒО: «Гастроэнтерологияның тереңдетілген курсы бар педиатрия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура.
1992-1993жж – Алматы мемлекеттік медицина институтының интернатура кафедрасы. «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
1985-1992жж. – Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультеті.
1975-1985жж. – №7 орта мектеп, Алматы қ.

 

Біліктілікті арттыру: 

 

2017 жылғы желтоқсан – Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, Ультрадыбыстық диагностика кафедрасы, «Педиатриядағы УДЗ» циклы, 216 сағ.
2012 жылғы қыркүйек – АДБЖИ, Ультрадыбыстық диагностика кафедрасы, «Эходопплерокардиография» циклы, 216 сағ.
2008 жылғы сәуір-мамыр – АДБЖИ, «Педиатриядағы ультрадыбыстық диагностика», 234 сағ.
2006 жылғы наурыз-мамыр – «Құрсақ қуысы және ішперде асты кеңістік органдарының ауруларын УДЗ» қайта даярлау, 312 сағ.
2004 жылғы қазан – РҮКБМА «Ультрадыбыстық диагностика».
1999 жылғы сәуір-мамыр –АДБЖИ, «Құрсақ қуысы мен ішперде асты кеңістіктің ультрадыбыстық диагностикасы» циклы

 

Хен

 

ХЕН ЕЛЕНА ВЯЧЕСЛАВОВНА

 

Сәулелік диагностика бөлімшесінің дәрігері. Санаты – жоғары.

Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 18 жыл, ПБХҒО-да 12 жыл.

2001 жыл –  «Брахиоцефалдық тамырларын БУДЗ» мамандануы

2002 жыл – «Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ».

2009 жыл - сәулелік диагностика бойынша бастапқы мамандану.

2015жыл – «Эхокардиография» мамандығы бойынша мамандану.

 

Джамбулова

 

ДЖАМБУЛОВА ДИНАРА АЙНИДИНОВНА

 

Сәулелік диагностика бөлімшесінің дәрігері.

Мамандануы – ультрадыбыстық диагностика.

Жалпы еңбек өтілі 8 жыл. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 6 жыл.

2010-2012жж. – «Педиатрия» мамандығы бойынша клиникалық резидентура, ПБХҒО.

2013 жыл – «УДЗ таңдау компоненті бойынша сәулелік диагностика», АДБЖИ, Алматы қ.

2014 жыл – «Нейросонография» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклы, ҚазҰМУ, Алматы қ.

2017 жыл – «Уронефрологиядағы ультрадыбыстық диагностика» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклы.

2019 жыл – «Перифериялық тамырлардың ультрадыбыстық диагностикасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклі.

 

Булатов

 

БУЛАТОВ ДАНИЯР МАРАТОВИЧ

 

Сәулелік диагностика бөлімшесінің дәрігері, мамандығы ультрадыбыстық диагностика.

Жалпы еңбек өтілі – 7 жыл.

2011-2012жж. – интернатура ҚРМУ.

06.08.2012-27.11.2012жж. – «Ультрадыбыстық диагностика» мамандығы бойынша бастапқы мамандану, АДБЖИ, Алматы қ.

08.12.2014-26.12.2014 жж. – «Онкологиялық және гематологиялық аурулар кезіндегі ультрадыбыстық зерттеу» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары, Д. Рогачев атындағы БГОИ ФМБМ.

 

Алтынбекова

 

АЛТЫНБЕКОВА АСЕЛЬ БАКЫТОВНА  

 

 

Функционалдық диагностика бөлімшесінің дәрігері.

ПБХҒО-да жұмыс мерзімі – 9 ай.

2016-2018жж. – педиатрия бойынша интернатура, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ.

9.07.2018-30.10.2018жж. – функционалдық диагностика бойынша қайта даярлау циклы; мамандығы – функционалдық диагностика дәрігері, ҚазМҮББУ, Алматы қ.

01.04.2019-19.04.2019жж. – эхокардиография мектебінде біліктілігін арттыру: созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эхокардиография, клапанды патологиясы бар емделушілерде эхокардиография, туа біткен жүрек ақаулары кезінде эхокардиография циклдары бойынша, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы, Нұр-Сұлтан қ. 

 

Атанбекова

 

АТАНБЕКОВА НАЗГУЛ ДАРУБАЕВНА

 

Аға мейірбике, жалпы еңбек өтілі – 26 жыл, Санаты жоғары.

1993 жылы – Республикалық медициналық училище «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша, Алматы қаласы.

1993-2007жж. – ПБХҒО-ның екінші реанимация бөлімінде мейірбике.

2007-2009жж. – ПБХҒО-ның ЖСҚЕА бөлімшесінің аға мейірбикесінің м.а. лауазымына ауыстырылды.

2009-2013жж. – ПБХҒО-ның хирургия бөлімшесінің аға мейірбикесі лауазымына ауыстырылды.

2013-2017жж. – ПБХҒО-ның сәулелік диагностика бөлімшесінің мейірбикесі.

2017 жылғы мамыр айынан бастап – сәулелік диагностика бөлімшесінің аға мейірбикесі.

22.11.2016 жылы – біліктілікті арттыру: «Жалпы мейірбикелік технологиялар» циклы.

26.04.2018 жылы – біліктілікті арттыру курсы: «Педиатриядағы мейірбикелік технологиялар» циклы.