Бөлімде 4 дәрігер жұмыс істейді, олардың екеуі медицина ғылымдарының кандидаты, үшеуі – жоғары, бірінші және екінші біліктілік санатына ие.
Бөлімнің негізгі қызметтері:
- Бөлімнің пациенттеріне шұғыл диагностикалық медициналық көмек көрсету.
- Амбулаториялық пациенттерге ақылы негізде білікті диагностикалық көмек көрсету.
Функционалдық диагностика бөлімінде аурулардың дәл және жылдам диагностикасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, заманауи тексеру әдістерінің көптеген спектрі жүргізіледі:
- Электрокардиография көптеген пациенттерге 12 жалпы қабылданған бөлімдерде жүргізіледі, диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейту үшін қосымша бөлімдер тіркеледі.
ЭКГ талдау кезінде жүректің негізгі қызметтері бағаланады – автоматизм, өткізгіштік және қозғыштық, ишемияның болуы, зақымдану және миокард некрозы, жүрек бөлімдерінің гипертрофиясы, реполяризация үдерістерінің ахуалы.
Сараланған диагностика жүргізу мақсатында функционалдық және органикалық бұзылулар арасында фармакологиялық сынамалар арқылы ЭКГ талдау жүргізіледі. Функционалдық сынамалар: гипервентиляциясы бар ортостатикалық сынама.
- Спирография–сыртқы тыныс алу қызметтерін зерттеу 4-5 жастағы балаларға жүргізіледі.
Спирографияны талдау кезінде сандық және сапалық көлемдер ескеріледі, желдету бұзылыстарының типі анықталады, бронхолитиктердің әсер етуі бағаланады.
- Компьютерлік электроэнцефалография –мидың электрлік әлеуеттерін тіркеуге негізделген, соның ішінде функционалдық сынамалары бар зерттеу әдістері.
- ХМ-ЭКГ (Холтер бойынша тәуліктік мониторинг жүргізу)–жасырын миокард ишемиясын, ырғақтық бұзылуын, естен тану арқылы байқалатын өмірге қауіпті аритмиялық эпизодтарды, сондай-ақ жүрек тұсындағы ауырулар себебін, жүрек қызметінің бұзылуын анықтау мақсатында портативті аппарат көмегімен ЭКГ 24 сағаттық үздіксіз тіркеу. Ұйықтау кезіндегі тыныс алу бұзылуларының диагностикасы.
- АҚТМ (артериялық қысымның тәуліктік мониторингі) артериялық гипертензия көріністерін бағалау және гипертензиялық терапияның тиімділігін бақылау үшін қолданылады.
- Реоэнцефалография(функционалдық жүктемесі бар қанмен толығуды зерттеу және бас миының қантамырларының тонусын бағалау)
Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 269 16 12