Онкологиялық және гематологиялық балаларға арналған жансақтау, қарқынды емдеу және анестезиология бөлімі 2012 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. 6 төсек-орынға арналған бөлім өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің функциясының жіті бұзылуымен, жіті метаболизмдік бұзылуы бар өмірінің 1 күнінен 18 жасқа дейінгі балаларды тәулік бойы ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етеді, ауыр хирургиялық науқастарды ота алдындағы даярлауды жүзеге асырады, әртүрлі анестезиологиялық шаралар жүргізеді, отадан кейінгі қарқынды күтім мен емдеуді жүргізеді, стационар бөлімшелерінде консультациялық көмек жүргізеді.

Бөлімде келесі емдеу процедуралары жүзеге асырылады:

  • қан тамырларын катетеризациялау (бұғана асты, мойындырық көктамыры, санның көктамыры); ұзақ инфузиялық ем жүргізу үшін қан тамырлы магистральдарды қою;
  • әр түрлі пункциялар мен білте қою әдістері;
  • инфузиялық-трансфузиялық терапия (плазма препараттарын, қанды, тромбоцитарлы жасушаларды, плазма алмастырғыштарды, парентеральді қоректендіруге арналған препараттарды құю); трансфузиолог дәрігерлерінің көмегімен гиперлейкоцитоздар кезіндегі лейкаферез;
  • эпидуральды кеңістікті катетерлеу; үздіксіз инфузия жүйесін қолдана отырып, эпидуральды катетерлер арқылы ұзақ ауырсынуды басу;
  • детоксикацияның экстракорпоралдық әдістері (гемосорбция, плазмаферез, қанның алмасуы, Multifiltrate аппараттарында ұзартылған бүйрек алмастырушы емшаралары).

Бөлімде медициналық қызметкерлер мен медициналық жабдықтарды жетілдіруге үнемі көңіл бөлінеді.

Бөлімшенің байланыс телефоны: 8 (727) 269 68 02

 

 

aa1

Құсайынов Данияр Нұрланұлы - бөлім меңгерушісі

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында 01.02.2013 жылдан бастап дәрігер анестезиолог реаниматолог болып жұмыс істейді.
2004 жылдан - 2011 жылға дейін жоғары медициналық білім, "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті", Қарағанды қ. Мамандығы бойынша: "Емдеу ісі".
2011ж. - 2012ж. "Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті" интернатурасын, Қарағанды қ. мамандығы бойынша: "Жалпы практика дәрігері".
2012 ж. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін Жетілдіру Институты, бастапқы мамандану, мамандығы: «Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)».
2014 ж. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты, «Анестезиология және реаниматология және қарқынды терапия» циклі бойынша біліктілігн арттыру.
2015 жылы "Перитонельдік диализ, экстракорпоральды детоксикация әдістері" тақырыбы бойынша Астана қаласының ҰҒМО біліктілігін арттырды.
2017 ж. "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті", Алматы қ., " Педиатриядағы анестезиология және қарқынды терапия" тақырыбы бойынша біліктілікті арттырды.
2022 жылы Н.Н.Блохина  атындағы Ұлттық медициналық онкологияны зерттеу орталығында  біліктілігін арттырды, "Онкологиялық және гематологиялық профильдегі балалардағы қарқынды терапия" тақырыбы бойынша.
2022 жылдың 1 ақпанынан Онкология және гематология бөліміндегі науқастарға арналған жан сақтау, қарқынды емдеу және анестезиология бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы, бірінші біліктілік санатты дәрігер.

aa3

Сущих Кирилл Валерианович - дәрігер анестезиолог-реаниматолог.

01.10.2021 жылдан бастап ПБХҒО-да анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істейді.
2011 жылдан - 2016 жылға дейін Алматы қ. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" Медицина бакалавры. "Жалпы медицина"мамандығы бойынша.
2016ж. - 2018ж. Алматы қ. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" интернатурасы. Мамандығы: "Педиатрия".
2018 жылы Алматы қ. МПА-ны "Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация, (балалар)"мамандығы бойынша қайта даярлау.
2018ж. - 2021ж. Алматы қ. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" резидентурасы. Мамандығы:"Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар".
2022 жылы Алматы қ. ППА-ның "Нефрология, оның ішінде балалар" тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.

aa4

Әбен Сымбат Тимурқызы-дәрігер анестезиолог-реаниматолог.

01.04.2022 жылдан бастап ПБХҒО-да анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істейді.
2011 жылдан - 2016 жылға дейін Алматы қ. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" Медицина бакалавры. "Жалпы медицина"мамандығы бойынша.
2016ж. - 2018ж. Алматы қ. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" интернатурасы. "Терапия" мамандығы бойынша.
2019ж. - 2022ж. Алматы қ. "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" резидентурасы. Мамандығы: "Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар".

aa5

Жолдасова Гулия Кеңесбайқызы-дәрігер анестезиолог-реаниматолог.

08.07.2021 жылдан ПБХҒО-да анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істейді.
1995 жылдан - 2002 жылға дейін жоғары медициналық білім, "Педиатрия" мамандығы бойынша "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" Шымкент қаласы.
2002 ж. - 2003 ж. Шымкент қ. "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" интернатурасы. Мамандығы: "Педиатрия".
2021 жылы "Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясындағы өзекті мәселелер" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен.  Шымкент қ. 

 
aa6

Орал Мөлдір Өмірбекқызы - дәрігер анестезиолог-реаниматолог.

01.09.2022 жылдан бастап ПБХҒО-да анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істейді.

2010-2015 жылдары Алматы қ. "Жалпы медицина" мамандығы бойынша "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті",  Медицина бакалавры.

2015 ж. - 2017 ж.Алматы қ. "Терапия" мамандығы бойынша "С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті" интернатурасы.

2017ж. - 2020ж. Алматы қ. "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" резидентурасы. Мамандығы:"Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар".

aa7

Мамутова Айнұр Табынбайқызы-бөлімнің аға мейірбикесі.

01.11.2006 ж. бастап ПжБХҒО-да мейірбике ретінде жұмыс жасайды.
2013 жылдан бастап бөлімнің аға мейірбикесі.

2003 ж. - 2006 ж. – Алматы медициналық колледжі, Алматы қ. "Жалпы мейірбике ісі" мамандығы бойынша.

2018 жылы – "Жедел медициналық көмек көрсету курсымен жалпы мейіргерлік технологиялар"тақырыбы бойынша "Халықаралық инновациялық ғылыми-білім беру орталығында" біліктілігін арттыру курсынан өткен. Алматы қ.

2020-2022жж. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" қолданбалы бакалавры, Алматы қ. "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша.

2022-2023жж. "Мейіргер ісі " мамандығы бойынша "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті". Медицина бакалавры, Алматы қ.