Хирургия бөлімі жоспарлы хирургиялық патологиясы бар балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ бөлімде мойынның, кеуде қуысының, өкпенің, көкірек қуысының, өңештің, асқазан-ішек жолдарының, тоқ ішектің, бауырдың, өт жолдарының аурулары мен ақаулары бар балаларды емдеуде мол тәжірибиесі бар. Осы ауруларды емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Балалар хирургиясы бөлімінің көп жылғы жұмыс тәжірибесі көпбейінді орталық базасында күрделі туа бітті даму ақауы бар балаларға жоғары сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында біздің бөлімімізде ғана өңеш пластикасы бойынша операциялар жасалынады.
Елімізде порталдық гипертензияны, бауыр ісіктерін, өт жолдарының даму ақауларын және тоқ ішектің хирургиялық емдеуде ең үлкен тәжірибе бізде бар. Соңғы уақытта біздің емделушілеріміздің белгілі бір тобын гастроэзофагеалдық рефлюкс ауруы бар балалар құрайды, оларға кешенді тексеру және консервативті және оперативті түзету жүргізіледі. Біздің емделушілеріміздің ең көп тобын ішектің даму ақаулары мен аноректалды мальформациялары бар балалар құрайды. Тек біздің бөлімде ғана жара колиті, аш ішектен резервуар құра отырып тоқ ішектің диффузды полипозы кезінде операциялар жасалады.
Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 299-06-82
Бөлім меңгерушісі, балалар хирургы: Қалабаева Мөлдір Махсутханқызы
Білімі: жоғары-медициналық 1999-2005жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің педиатрия факультеті. 2005-2006жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті базасында интернатура, мамандығы – дәрігер балалар хирургі. 2006-2008жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті базасында клиникалық ординатура, мамандығы – балалар хирургиясы. 10.01.2017ж. - Балалар хирургиясы және неонаталдық хирургия бойынша жоғары біліктілік санаты берілді. 2017-2019жж. - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі базасындағы «Медицина» ғылыми-педагогикалық магистратура – медицина ғылымдарының магистрі. 2014ж. – Балалар онкохирургиясы бойынша Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Дмитрий Рогачев атындағы БГОИ ҒЗИ ФМБМ-де білім алды. 2014ж. – Каталония және Валенсия қаласындағы госпитальдарда тағылымдамадан өткен. 2017-2019жж. - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі базасында «Медицина» ғылыми-педагогикалық магистратурада білім алды. 2008 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында хирургия бөлімінде жоғары санатты балалар хирургі. Соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру: 2016ж. – ҚазМҮББУ «Көп бейінді клиникадағы тамыр хирургиясының өзекті мәселелері (тамыр хирургиясы)». 2018ж. – ПБХҒО «Балалар колопроктологиясының хирургиялық және диагностикалық мәселелері».
|
|
Ахтаров Кахриман Махмуджанұлы - дәрігер хирург (педиатр)
Білімі: жоғары-медициналық 2000-2006жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы: педиатрия. 2006-2007жж. –Алматы қаласындағы №1 ҚКБА базасында интернатура, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. 2011 ж. – Алматы қаласының №1 ҚКБА базасында АДБЖИ балалар хирургиясы бойынша алғашқы мамандану. 2018 ж. – «Балалардағы колопроктологияның хирургиялық және диагностикалық мәселелері» біліктілігін арттыру. 2007 жылдан бастап қазіргі күнге дейін ПБХҒО хирургия бөлімшесінің дәрігері балалар хирургі. 29.05.2019 ж. - Балалар хирургиясы және неонаталдық хирургия бойынша жоғары біліктілік санаты берілді. Соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру: 2016ж. – ҚазМҮББУ «Көп бейінді клиникадағы тамыр хирургиясының өзекті мәселелері (тамыр хирургиясы)». 2018ж. – ПБХҒО «Балалар колопроктологиясының хирургиялық және диагностикалық мәселелері».
|
|
Афлатонов Нұржан Бақытбекұлы - дәрігер хирург (педиатр) Білімі: жоғары-медициналық
2003 – 2009жж. - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, мамандығы: педиатрия. 2009-2010жж. - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті базасында интернатура, мамандығы – дәрігер балалар хирургі. 2010-2013жж. -Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентура. 2018-2019жж. - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі базасындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» магистратура – қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. 23.05.2020 ж. - Балалар хирургиясы және неонаталдық хирургия бойынша жоғары біліктілік санаты берілді. 2013 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында хирургия бөлімінде жоғары санатты балалар хирургі. Соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру: 2016ж. – ҚазМҮББУ «Көп бейінді клиникадағы тамыр хирургиясының өзекті мәселелері (тамыр хирургиясы)». 2018ж. – ПБХҒО «Балалар колопроктологиясының хирургиялық және диагностикалық мәселелері». 2020ж. «Шұғыл балалар хирургияның өзекті мәселелері» халықаралық прогрессивті академиясы.
|
|
Қасенов Шалкар Ерсайынұлы - дәрігер хирург (педиатр)
Білімі: жоғары-медициналық 2011-2016 жж. - Астана медицина университеті. Факультет – Жалпы медицина.2016-2018 жж. - Астана медицина университетінің базасында интернатура, мамандығы – жалпы тәжірибелік дәрігер. 2018-2021 жж. - ПБХҒО базасында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентура.
|
|
Баймахашева Әйгерім Ниязбекқызы - Аға мейірбике
Білімі: жоғары-медициналық .2003-2006жж. - Республикалық медицина колледжі, жалпы медицина факультеті. 2022ж. - «Интердент» жоғары медициналық колледжі, факультет – мейірбике ісі – қолданбалы бакалавр. Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру:2021ж. – Эмили медициналық орталығы, Жалпы мейірбикелік технологиялар.
|