2001 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында жедел андрологиясы бар балалар урологиясы бөлімі құрылды. Бөлім дәрігерлері Қазақстан Республикасының барлық облыстарындағы жаңа туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі науқастарға кеңес береді және емдеу-диагностикалық іс-шараларын жүзеге асырады.

 

WhatsApp Image 2022 11 23 at 17.23.20  

 

Жыл сайын урология бөлімінде несеп шығару жолдары, жыныс мүшелері, шат аймағы мен іш құрсағының даму ақаулары мен сырқаттары бар 700 астам балаларға жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсетіледі. Жылына 500-ден астам күрделі оталар мен 150 жуық эндоскопиялық ем-шаралары жүргізіледі.

Бөлімде халықаралық стандарттарға сай балалардың урологиялық ауруларын емдеудің жаңа тиімді хаттамалары пайдаланылады. Сандық аппаратты, компьютерлік томографияны және магниттік-резонанстық томографияны пайдалану арқылы жоғары технологиялық және жоғары жиіліктегі рентгендік урологиялық зерттеулер патологияны анықтау және нақтылау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі күні жедел андрологиясы бар балалар урологиясы бөлімі диагностикалық іс-шаралардың келесі спектрін жүзеге асырады:

 

  • Ультрадыбыстық зерттеу (бүйректі УДЗ, допплерографиясы бар бүйректі УДЗ, тиімді және қалдық көлемін анықтаумен қуықты зерттеу, жамбас қуысының түбін УДЗ);
  • Рентгенологиялық зерттеу (шолу рентгенографиясы, урография, цистоуретрография, компьютерлік томография);
  • Эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар.

 

 WhatsApp Image 2022 11 23 at 17.23.21 1

 

Бөлімше қызметінің негізгі бағыттары:

  • Балалар урологиясы-андрология толық көлемде;
  • Эндоурология;
  • Урологиядағы микрохирургия;
  • Жоғарғы және төменгі зәр жолдарының жарақаттан кейінгі зақымдануларын емдеу;
  • facebook.com/pediatricurology интернет-кеңістіктегінде ақпараттық-консультациялық жұмыс.

 

WhatsApp Image 2022 11 23 at 17.23.21 2

    

Балаларды емдеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Несеп жүйесінің даму ақаулары (гидронефроз, мегауретер, көпіршікті-несепағар рефлюксі, қосарланған бүйректің даму ақаулары);
  • Сыртқы жыныс мүшелерінің даму ақаулары;
  • Несеп-тас ауруы.

     Орталықтың базасында 2001 жылдан бастап өндірістен қол үзбей қалалық және аймақтық балалар урологтары үшін тұрақты жұмыс істейтін біліктілікті арттырудың сертификаттық курстары жұмыс істейді.

 

WhatsApp Image 2022 11 23 at 17.23.21

 

Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 299-25-98

1

Әбекенов Бақытжан Дайрабайұлы – м.ғ.к., бөлім меңгерушісі, жоғары санатты балалар урологы.

Білімі: Жоғары.

1981-1987жж. – Ақтөбе мемлекеттік медицина институты «Педиатрия» мамандығы бойынша;

1987-1988жж. – Алматы медициналық институтының базасында «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура;

1993 жыл – «Урология» мамандығы бойынша қайта даярлау;

 2001 жыл – Медицина ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі:

2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында бөлім меңгерушісі.

Кәсіби дағдылары:

Іс жүргізу және құжаттаманы жүргізу

Урологиялық патологиясы бар балаларға ота жасау

Резиденттерді, курсанттарды «Балалар урологиясы» мамандығы бойынша оқыту.

Без имени 2

Сакенов Бауыржан Тілеуқабылұлы – жоғары санатты дәрігер уролог

Білімі: Жоғары

2001-2007жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Педиатрия» мамандығы бойынша.

2007-2008 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша интернатура.

2008-2010жж. – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентура.

 2018-2021жж. – «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің докторантурасы.

Жұмыс тәжірибесі:

2010-2012жж. – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыда кіші ғылыми қызметкер.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балалар дәрігер-урологы.

 

3

Тұрысбеков Чокан Айтбекұлы – бірінші санатты дәрігер уролог

Білімі: Жоғары

2002-2008жж. – Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, «Педиатрия» мамандығы бойынша.

2008-2009жж. – Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті базасында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша интернатура.

2009-2012 жж. – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентура.

Жұмыс тәжірибесі:

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында - дәрігер уролог (балалар).

4

Сағымбаева Әсел Абсұлтанқызы – екінші санатты дәрігер

 

Білімі: Жоғары

2008-2013жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат.

2013-2015жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Жалпы хирургиясы» мамандығы бойынша интернатура.

2015-2018жж. – Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті – «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентура.

2020-2023жж.  – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Медицина» мамандығы бойынша PhD докторантура.

Жұмыс тәжірибесі:

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында – жедел андрологиясы бар урология бөлімінің дәрігері.

 

y6

Абдрасулова Ботажан Әріпжанқызы – бөлімнің аға мейірбикесі

Білімі:

1994-1996жж. – Арнайы орта, Аягөз лицейінің медициналық колледжі, мейірбике

Жұмыс тәжірибесі:

1996-1999жж. – ФАБ меңгерушісі – мейірбике.

2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында урология бөлімінің мейірбикесі.