Бөлімшеде күрделі және терминалдық жағдайларда жатқан хирургиялық, урологиялық, күрделі соматикалық патологиясы бар 1 айдан асқан және 18 жасқа дейінгі балаларға жоғары білікті көмек көрсетіледі.
Келесідей нозологиялар бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қарқынды терапия жүргізіледі: Гиршпрунг ауруы, порталды гипертензия, бронхоэктаздық ауру, өт шығару жолдарының атрезиясы, өңеш пластикасынан кейінгі жай-күй, гидронефроз, қуық-несепағар рефлюксі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ұштасқан зәр шығару жүйесі, муковисцидоз, ауыр ақуыз-энергетикалық жетіспеушілігі бар балалар, генетикалық аурулары және көптеген т.б. Анестезиологиялық қамтамасыз ету кез келген күрделілік деңгейіндегі оталарды орындау кезінде жүргізіледі, анестезия қаупі наркоздардың халықаралық жіктемесінің стандарттары бойынша бағаланады.
Бөлімше аз инвазиялық араласулар кезінде де анестезиологиялық қамтамасыз етеді: бронхоскопия, бронхография, колоноскопия, ФЭГДС, өңеш сүмбілеу, КТ, МРТ. Жылына 2000-нан астам анестезиологиялық жәрдем жүргізіледі.
Бөлімшеде 6 дәрігер, 12 мейірбикеден құралған жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Анестезияның және отадан кейінгі оңалтудың барлық заманауи әдістерін меңгерген білікті персонал науқастарды тәулік бойы бақылауды жүзеге асырады. Қазіргі заманғы емдеу әдістері мен анестезиологиялық құралдың жаңа әдістері енгізілуде. Экстракорпоральді детоксикация әдістері кеңінен қолданылады: гемодиализ, гемофильтрация, терапиялық плазма алмасу және плазмаферез.
Бөлімше дәрігерлері Қазақстан аймақтары бойынша телеконсультациялар, телелекцияларды белсенді түрде жүргізеді.
Байланыс телефоны 8(727) 299 27 68
Ибраимова Ақерке Баудынбайқызы – ересек жастағы балаларға арналған жан сақтау және қарқынды емдеу және анестезиология бөлімшесінің меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі: 10 жылдан астам. Санаты: бірінші біліктілік санаты. Білімі: жоғары. 2000-2006жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, педиатрия мамандығы. 2006-2007жж. – педиатрия мамандығы бойынша интернатура, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. 2008ж. – АМДБЖИ, анестезиология-реаниматология мамандығы бойынша бастапқы мамандану. Біліктілігін арттыру: Израиль 2010ж. Оңтүстік Корея 2011ж. 2018-2019жж магистратура, Қазақ Медицина Университеті «ҚДСЖМ», профиль «Медицина». 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін ПБХҒО-ның жан сақтау және қарқынды емдеу және анестезиология бөлімінде жұмыс істейді. 16.05.2022 жылдан бастап ересек жастағы балаларға арналған жан сақтау және қарқынды емдеу және анестезиология бөлімінің меңгерушісі. |
|
Ұлыбаев Қайрат Биахметұлы – дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Дәрігер балалар реаниматологы анестезиологы сертификаты. Жалпы еңбек өтілі: 25 жылдан астам Білімі: жоғары. 1989-1995жж. – Семей мемлекеттік медицина институтында оқу, педиатрия факультеті. 2000ж. – Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы бойынша АМДБЖИ-да бастапқы мамандану. 2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін ПБХҒО-ның жан сақтау және қарқынды емдеу және анестезиология бөлімшесінде жұмыс істейді. |
|
Динабеков Азамат Мұталханұлы – бірінші санаттағы дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Жалпы еңбек өтілі: 10 жылдан астам Білімі: жоғары 2005-2011жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ЖТД мамандығы бойынша 2011-2012жж. – ҚММУ, ЖТД мамандығы бойынша интернатура 04.02-01.07.2013жж. – АМДБЖИ, анестезиология-реаниматология мамандығы бойынша қайта даярлау 2012 жылдан бастап «ПБХҒО» АҚ-да анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істейді. |
|
Сұлтанқұл Мөлдір Сағындыққызы – бірінші санаттағы дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Жалпы еңбек өтілі: 10 жылдан астам. Санаты: бірінші біліктілік санаты. Білімі: жоғары 2003-2009жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, педиатрия мамандығы. 2009-2010жж. – педиатрия мамандығы бойынша интернатура, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. 2011ж– АМДБЖИ, балалар онкогематологы мамандығы бойынша бастапқы мамандану. 2010-2012жж балалар онкогематологы ПБХҒО. 2012жж. – АМДБЖИ, анестезиология-реаниматология мамандығы бойынша бастапқы мамандану. 2014ж – біліктілігін арттыру: 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін ПБХҒО-ның жан сақтау және қарқынды емдеу және анестезиология бөлімшесінде жұмыс істейді. |
|
Абделиев Азамат Зиятұлы – екінші санаттағы дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Жалпы еңбек өтілі: 5 жылдан астам. Білімі: жоғары. 2009-2014жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, медицина бакалавры мамандығы бойынша. 2014-2016жж. – терапевт мамандығы бойынша интернатура, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2017-2020жж. – ҚазМҮББУ, анестезиология-реаниматология мамандығы бойынша қайта даярлау. 2011 жылдан бастап «ПБХҒО» АҚ-да анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып жұмыс істейді. |
|
Худасова Гулзат Ермекбаевна - бөлімшенің жоғары санатты аға мейірбикесі. Білімі: арнайы орта. 1995-1998гг. Республикалық медициналық колледж, факультет: Мейірбике ісі. Жалпы еңбек өтілі: 20 жылдан астам. 1999 жылдан бастап ПБХҒО-ның жан сақтау және қарқынды емдеу бөлімшесінде мейірбике болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап аға мейірбике. Біліктілікті арттырудан өтті: 2017 жылы – «Коммуникативтік дағдылар» тақырыбы бойынша РМК, 54 сағат. 2018 жылы – «Педиатриядағы мейірбикелік технологиялар» тақырыбы бойынша, РМК, 108 сағат. 2019 жылы – «Жалпы мейірбикелік технологиялар» тақырыбы бойынша, «Эмили» медициналық орталығы, 108 сағат. |