ПБХҒО-да неонатология және нәрестелер хирургиясы бөлімі 1959 жылдан бастап ана мен бала принципі бойынша жұмыс істейді, дене салмағы өте және экстремалды төмен балаларды күту мен емдеуде үлкен тәжірибесі бар. 2003 жылдан бастап неонатология және нәрестелер хирургиясы бөлімі Алматы қаласы мен Республиканың әр түрлі аймақтарынан туа біткен даму кемістіктері мен хирургиялық патологиясы бар жаңа туған нәрестелерге шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Жаңа туған нәрестелердің осы контингентіне өңеш атрезиясы, диафрагмальды жарықтар, ішек бітелісі, аноректальды даму ақаулары, гастрошизис, омфалоцеле, сегізкөз-құйымшақ аймағы тератомалары және басқа да туа біткен даму ақауларға күрделі реконструктивті-пластикалық операциялар жүргізіледі.

Неонатологии НЦПДХ.jpg

Сенсорлық органдардың функционалдық жай-күйінің бұзылуына, атап айтқанда көру (шала туған нәрестелердің ретинопатиясы) және есту (туа біткен құлақ мүкістігі) бойынша мүгедектікке алып келетін ауруларға ерекше назар аударылады. Соңғы жылдары шала туған нәрестелердің ретинопатиясын диагностикалау жиілігі 2,5 есеге өсті. 2012 жылдан бастап бөлімде шала туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте диагностикалау үшін барлық салмағы аз балаларға неонаталдық офтальмологиялық скрининг жүргізіледі. Ретинопатияның үдемелі сатылары бар балаларға тор қабатының хирургиялық лазерлік коагуляциясы жүргізіледі. Кейіннен оңалтумен есту қабілетінің бұзылуының дер кезіндегі диагностикасы баланың одан әрі сөйлеу және психоэмоционалдық дамуы үшін шешуші фактор болып табылады. Жаңа туған нәрестелерде кондуктивтік және сенсоневральды құлақ мүкістігін ерте анықтау үшін барлық балаларға отоакустикалық шақырылған эмиссия әдісімен аудиоскрининг міндетті түрде жүргізіледі. Операциялық емдеудің тиімділігі-97% құрайды.

 

Байланыс телефоны: 8 (727) 299 06 81

 

gg1

Алтынбаева Гүлмира Бекназарқызы – бөлім меңгерушісі, PhD докторы.

Білімі: Жоғары

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2002 – 2008 ж.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интернатурасы 2008 – 2009 ж.

АГИУВ,  Резидентура «Неонатология»  мамандығы 2011-2013 ж.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, PhD-докторантура, «Медицина» 2014 – 2017 ж.

Қызметі: бөлім меңгерушісі

Жалпы жұмыс өтілі: 15 жылдан астам. ПБХҒО-да – 3 жыл.

Санаты:   Жоғары

Ғылыми дәрежесі: PhD докторы. 

 «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

 Соңғы 5 жылда оқыту және біліктілікті арттыру:         

2017ж. сәуір. АҚШ. Нью-Йорк қ. Неонатология бойынша тағлымдамадан өту.     2017ж. қазан. ҚР. Қарағанды қ.  Зерттеуші және ғалым.

2017ж. қараша. Литва.  Каунас қ. Заманауи неонатальды күтім.

2018ж. маусым. ҚР. Алматы қ. Педиатр дәрігерінің клиникалық практикасының ерекшеліктері (ПОҚ үшін интернатура және резидентура кафедрасы).

2018ж қазан. Австрия. Зальцбург қ. Неонатология.

2019 ж қыркүйек. ҚР. Алматы қ.  Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалық қызметті ұйымдастыру  (тәуелсіз сараптама).

2019 ж. қараша. Литва. Каунас қ. Неонатология бойынша тағлымдамадан өту.   

2020 ж. қазан. ҚР. Алматы қ.  Жаңа туған нәрестелерді операциядан алдыңғы және опреациядан кейінгі кезеңде күту және қарқынды емдеу. 

2020 ж. желтоқсан. ҚР. Алматы. Босану қызметі саласындағы клиникалық аудит.  

2021 ж. қазан. РФ. Санкт-Петербург.  Балалардағы инфекциялық аурулар кезіндегі алғашқы көмек.

2022 ж. шілде. ҚР. Алматы қ. Неонатальды қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер.
gg2

Байғұттиева Айжан Әзімбайқызы – бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер неонатолог.

Білімі: Алматы Мемлекеттік медицина институты 1988 - 1994 жыл. Педиатрия факультеті.

Қызметі: Дәрігер-неонатолог.                              

Жалпы жұмыс өтілі: 28 жылдан астам. ПБХҒО-да — 6 жыл.

Санаты: жоғары біліктілік санаты

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі иегері.

Соңғы 5 жылда оқыту және біліктілікті арттыру:

2017ж. Вильнюс Литва университетінің клиникасында білім алған. 

2018ж. ҚР. Алматы қ. Тиімді перинаталдық көмек.

2022ж. ҚР. Алматы қ.  Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру әдістемесінің негіздері.  
gg3

Тюлебаева  Жанель  Салаватқызы - дәрігер неонатолог.

Білімі: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Педиатрия» мамандығы бойынша, 1998-2004жж .

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да интернатура, 2004 - 2005жж.

Қызметі: Дәрігер -неонатолог                              

Жалпы жұмыс өтілі ПБХҒО-да: 17 жылдан астам.

Санаты:   бірінші біліктілік санаты

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 

Соңғы 5 жылда оқыту және біліктілікті арттыру:       

2017ж. ҚР. Алматы қ. Жаңа туған нәрестелердің тыныс алуды және тамақтануды қолданудың заманауи тәсілдері. 

2018ж. ҚР. Алматы қ. Неонатологиядағы қазіргі заманғы анестезия және қарқынды терапия технологиялары.

2018ж. ҚР. Алматы қ. Жаңа туған нәрестелердің реанимациялық және қарқынды күтімі.

2020ж.  ҚР. Алматы қ. Неонатологиядағы инновациялық технологиялар.

2022ж. ҚР. Алматы қ. Неонатальдық көмек.

gg4

Каукенбаева  Гүлмира  Төлепбекқызынеонатальді хирург.                              

Образование:

1 .С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2000-2006жж.

  1. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интернатурасы, 2006-2007ж.
  2. Магистратура, «Бейінді медицина» мамандығы, ҚДСЖМ, 2017-2018ж.

Жалпы жұмыс өтілі ПБХҒО-да: 15 жылдан астам.

Қызметі: неонатальді хирург.                              

Санаты:   Жоғары.                             

Соңғы 5 жылда оқыту және біліктілікті арттыру:       

2016 ж. мамыр.  Алматы қ. Балалардың шұғыл хирургиясы – КАЗМУНО.

2020 ж. Қазан. ҚР. Алматы қ. Неонтальды кезеңдегі туа біткен ақаулардың хирургиясы.

2022 ж. маусым. ҚР. Алматы қ.  Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру әдістемесінің негіздері.  

2022 ж. қараша. ҚР. Алматы қ. Шұғыл хирургиялық жағдайлардағы реанимация және қарқынды емдеу.
gg5

Әшірбай Қанат Серікұлы – неонатальді хирург.

Білімі: жоғары

  1. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, 2007-2012жж.
  2. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ интернатурасы, 2012-2014ж.
  3. Резидентура «Балалар хиургиясы» мамандығы,  С.Ж.Асфендияров атындағы   ҚазҰМУ, 2014-2017ж.

 Жалпы жұмыс өтілі ПБХҒО-да: 5 жылдан астам.

Қызметі:  неонатальді хирург                               

Санаты: екінші біліктілік санаты.                              

Соңғы 5 жылда оқыту және біліктілікті арттыру:       

2018ж. мамыр. ҚР. Алматы қ. Колопроктологиядағы таңдаулы сұрақтар.

2020ж. қазан. ҚР. Алматы қ. Неонтальды кезеңдегі туа біткен ақаулардың хирургиясы.

2021 ж. қазан. Украина Киев қ. «Охматдет» . Жаңа туған нәрестелер хирургиясы, шала туған нәрестелер бөлімінде тағлымдамадан өту.

2022 ж. қараша.   ҚР. Алматы қ. Шұғыл хирургиялық жағдайлардағы реанимация және қарқынды емдеу.
gg6

Байдусенова Закира Қуандыққызы – аға мейірбике.

Білімі: Жоғары

Алматы мемлекеттік медицина институтының орта медицина қызметкерлерін даярлау факультеті. -1991-1993 жж.

«Қазақ – Ресейлік жоғары медициналық колледж» - Мейірбикелік ісі - 2020-2022 жж.

Жалпы жұмыс өтілі ПБХҒО-да: 15  жылдан астам.

Қызметі: аға мейірбике.                               

Санаты: жоғары.                           

Соңғы 5 жылда оқыту және біліктілікті арттыру:         

2017 ж. тамыз.  ҚР. Алматы қ. Жаңа туған нәрестелердің тыныс алуды және тамақтануды қолданудың заманауи тәсілдері. 

2018ж. маусым. ҚР. Алматы қ. Хирургиялық аурулар мен травматикалық жарақаттарды хирургиялық емдеудегі мейірбикелік технологиялар.

2019 ж. тамыз. ҚР. Алматы қ. Медициналық қалдықтар. Жинау, сақтау, жою 2019 ж.қыркүйек. ҚР. Алматы қ. Емшек сүтімен емізу бойынша кеңес: неонатальды күтім (Тренер. ДДҰ/ЮНИСЕФ).

2021ж. қазан.  ҚР. Алматы қ. Анестезиология және қарқынды терапияның өзекті мәселелері.