Бөлім 1 айдан 18 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, 30 төсекке есептелген.

          Жалпы педиатрия бөлімінде жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы (артериялық гипертензия, миокард аурулары, туа біткен жүрек ақаулары, кардиомиопатия, ырғақтың және өткізгіштіктің бұзылуы және ревматикалық аурулар және т.б.), асқазан-ішек жолдары мен гепатобилиарлық жүйе аурулары (сіңудің бұзылу синдромы, муковисцидоз, ішектің қабыну аурулары, бауырдың тұқым қуалайтын және метаболикалық аурулары, мальабсорбцияның ауыр түрлері, инфекциялық емес этиологияның созылмалы гепатиттері), мукополисахаридоз, бастапқы иммунитет тапшылығы және т.б. аурулары бар балалар мен жасөспірімдерді тексеруге және емдеуге арналған.

 

EVOS8426.jpg

           

Диагностикалық іс-шаралар кешені қазіргі заманғы аппаратураны (КҚО КТ, буын, құрсақ қуысы органдарын КТ, МРТ, КТ ангиография, ішкі ағзалардың УДЗ диагностикасы, тамырлардың УД-допплерографиясы, электромиография, ЭКГ, ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторлау) қолдануды қамтитын диагностика мен емдеудің заманауи әдістерінен тұрады, биохимиялық, серологиялық, микробиологиялық, иммунологиялық, бактериологиялық зерттеулер кешені, бауыр тіндерін морфологиялық зерттеу, аш ішектің шырышты қабатының биоптаты, биокард тестін жүргізу. Кешенді терапия жүргізу ақуыз және дәрумен жетіспеушілігін, су-электролит балансының, ішек перистальтикасының бұзылуларын, элиминациялық диетаны, I, II, VI типті муколисахаридоз диагнозы бар балаларға фермент алмастырушы терапияны таңдауға бағытталған. Ревматикалық ауруларды емдеуде тамыр ішіне иммуноглобулиндер, буындардың глюкокортикоидтармен жергілікті емдеуді қамтитын емдеудің қазіргі заманғы стандарттары қолданылады; плазмаферезбен ұштасқан стероидты және цитостатикалық препараттармен пульс-терапия, гендік-инженерлік биологиялық препараттармен емдеу. Тірек-қимыл аппаратының функционалдық бұзылулары бар емделушілерге массаж, емдік дене шынықтыру, физиотерапиялық емшаралар (дәрі-дәрмектік электрофорездер, шам-биоптронмен емдеу және т.б.) жүргізіледі.

Байланыс телефоны:  8 (727) 299 06 83

 

tt1

Ержанова Гүлмира Ергешбайқызы – Жалпы педиатрия бөлімінің меңгерушісі. Жоғарғы санатты педиатр, 2 санатты кардиолог дәрігері, балалар ревматологы.

Жалпы медициналық өтілі: 17 жылдан астам.

ПБХҒО-да жұмыс істеу мерзімі – 10 жылдан астам.

Білімі: 1998 – 2004жж. М. Оспанов атындағы БҚММА, педиатрия.

2005– 2006 жылдар аралығында «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.

2010 – 2012жж., ПБХҒО педиатрия бойынша резидентура Алматы қ.

Жұмыс тәжірибесі:

2005 жылдан бастап - учаскелік педиатр (Қызылорда қ., №5 емхана)

2007 ж. - №5 ҚЕ педиатрия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қ..

2009 жылдан бастап - Қызылорда қ. №5 ҚЕ бас дәрігерінің орынбасары.

2012 жылдан бастап – ПБХҒО-да кардиолог, ревматолог.

2017ж. наурыз айынан бастап – ПБХҒО-да кардиоревматология бөлімінің меңгерушісі.

2019 ж. мамырдан - жалпы педиатрия бөлімінің меңгерушісі.

Соңғы 5 жылдағы оқуы:

 05.02.18 – 10.02.18 жылдар аралығында Кардиологиядағы ультрадыбыстық диагностика. Кардиологиядағы функционалдық диагностика әдістері.

19.02.18 – 24.02.18 жыл аралығында Интервенциялық кардиология мәселелері.

26.02.18 – 03.03.18 жыл аралығында Балалар аритмологиясындағы заманауи емдеу әдістері. 2018 жылдың қараша айында «Балалар ревматологиясының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша оқудан өтті.

 

tt2

Бұғыбай Әлия Айтбайқызы - 2 санатты кардиолог дәрігері, балалар ревматологы, педиатр.

Жалпы дәрігерлік еңбек өтілі - 11 жыл, оның ішінде ПБХҒО-да 10 жылдан астам.

Білімі:

2000 – 2006 жылдар аралығында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясы, «Педиатрия» факультеті.

2006 – 2007 жылдар аралығында «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.

2009 – 2011 жылдар аралығында «Медицина» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында магистратура.

Жұмыс тәжірибесі:

2011 – 2012 жылдар аралығында «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап ПБХҒО-ның кардиоревматология бөлімінде жұмыс істейді.

Соңғы 5 жылдағы оқуы:

05.02.18 – 10.02.18 жыл аралығында Кардиологиядағы ультрадыбыстық диагностика. Кардиологиядағы функционалдық диагностика әдістері.

19.02.18 – 24.02.18 жыл аралығында Интервенциялық кардиология мәселелері.

26.02.18 – 03.03.18 жыл аралығында Балалар аритмологиясындағы заманауи емдеу әдістері. 2018 жылдың қараша айында «Балалар ревматологиясының өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша оқудан өтті. «Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы» тақырыбы бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасының бірлескен авторы болып табылады.

 

tt3

Нұрмағамбетова Балым Асқарқызы  І санатты  педиатр дәрігер.

Жалпы еңбек өтілі - 8 жыл. ПжБХҒО-да -   2  жыл. 

Білімі:

2007–2012ж. -    СММУ  «Жалпы медицина» факультетінің бакалавры.

2012 – 2014ж. -  «Жалпы медицина» СММУ интерні. 

2014 - 2016 жылға дейін  СММУ «Педиатрия» факультетінің   резидентурасы.

Жұмыс  тәжірибесі:

4.01. 2016- 05.08.2016жж. -   Семей   қаласында ЖМММ «Венера»   педиатр дәрігер.

05.09.2016 - 01.07.2019жж. – ЖЖММ «Венера»   дәрігер  педиатр.

04.09.2018 - 13.05.2019жж. – ҰАҚ ММУ  балалар аурулары кафедрасының сырттай оқытушысы.

1.07.2019 - 28.09.2020 жж.– дәрігер  педиатр.   Алматы  қаласы №2  ҚБКА-   пульмонология бөлімінің менгерушісі.

28.09.2021 жылдан бастап -  ПжБХҒО АҚ-да дәрігер   педиатр.  

Сонғы  5 жылдағы   оқу:

Неонатологиядағы инновациялық әдістер сертификаты 2016 жылдың 04 сәуірінен 23 сәуіріне дейін 162 сағат көлемінде проф.др.мед. Кристоф Фогтман.

«Педиатрияның таңдамалы мәселелері» циклі бойынша 108 сағат көлемінде біліктілікті арттыру бойынша No119 сертификат бар. «Астана» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС-нің Семей қаласындағы филиалы.

14.10.2019 мен 25.10.2019 аралығында – Түркияның Стамбул қаласында «МЕМОРИАЛ» клиникасында «Муковисцидозбен ауыратын балалардың диагностикасы және емі» тақырыбында тағылымдамадан өтті.

 

tt4

Кисленко Анатолий Викторович - Жалпы педиатрия бөлімінің гастроэнтеролог дәрігері.

Жалпы медициналық өтілі: 14 жыл.

ПжБХҒО жұмыс мерзімі-10 жылдан астам.

Білімі:

2001-2007ж. Қазақ ұлттық медицина университеті. С.Д. Асфендиярова, (Қаз.НМУ) факультеті - педиатрия.

2007 – 2008ж. ҚазҰМУ педиатрия мамандығы бойынша интернатура.

2008-2010ж. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты Жалпы медицина, Гастроэнтерология (балалар, ересектер).

2008 – 2010ж. Педиатрия және хирургия ғылыми орталығы, резидентура, мамандығы-педиатрия.

Соңғы 5 жылдағы оқуы:

2014ж.  "Гастроэнтерологиядағы УДД" үздіксіз медициналық білім беру институты

2017ж. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті

"Гастроэнтерология, ас қорыту органдарының ауруларын диагностикалау және емдеу". Үздіксіз медициналық білім беру институты "Гастроэнтерологиядағы Эндоскопиялық диагностика".

2018ж. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы "педиатрдың клиникалық практикасындағы ерекшеліктер.

2019ж. Халықаралық дипломнан кейін білім беру институты "Клиникалық педиатрия".

 

tt5

Абдрахманов Олжас Болатұлы – жалпы педиатрия бөлімінің педиатр дәрігері.

Жалпы медициналық өтілі: 5 жыл.

ПжБХҒО «АҚ»   - да жұмыс істеу мерзімі 4 ай.

Білімі:

2010-2015 жж. - С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы медицина бакалавры.

2015-2017 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де педиатрия мамандығы бойынша интернатура.

2018-2019 жж - Алматы қаласындағы Балалар және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жалпы педиатрия мамандығы бойынша резидентура. 

Жұмыс тәжірибесі:

07.2018 - 04.2019 ж. – «ПжБХҒО» АҚ консультативтік-диагностикалық бөлімі. Педиатр лауазымы.

10.2018 – 11.2020ж. - №35 қалалық емхана. Педиатр лауазымы.

09.2019 – 08.2022ж. - №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы күндізгі стационардың педиатр дәрігері. №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының жетім балалар бөлімшесінің педиатр дәрігері.

09.2022 жылдан – Педиатрия  және балалар хиругиясы ғылыми орталығының педиатр дәрігері.

Сонғы  5 жылдағы   оқу:

04-05.2019 – Кингс колледжінің ауруханасының балалар гастроэнтерологиясы, гепатология және тамақтану кафедрасында тағылымдамадан өтті. Лондон, Ұлыбритания. 2022 жылдың наурызы –«Балалардағы ішектің қабыну аурулары» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы.

 

tt66

Пурманова Айжан Ілесбайқызы - жоғары санатты аға мейірбике.

Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл.

Оның ішінде 21 жылдан астам ПБХҒО-да. Маман сертификаты: Мейірбике ісі.

Білімі:

1997–1999 жылдар аралығында Алматы Республикалық медициналық колледжі «Жалпы мейірбике ісі» мамандығы бойынша.

2019-2022ж. Каспий қоғамдық университеті «Мейіргер ісі менеджменті академиялық бакалавры».

Жұмыс тәжірибесі:

2000–2011 жылдар аралығында жаңа туған нәрестелерге және шала туған балаларға арналған хирургиялық бөлімде палаталық мейірбике болып жұмыс істеді.

2011–2012 жылдар аралығында шаруашылық есеп бөлімінде мейірбике болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бүгінгі күнге дейін жалпы педиатрия  бөлімінің аға мейірбикесі болып қызмет атқарады.

Соңғы 5 жылдағы оқуы:

2016ж. Мейірбикелік істі қазіргі заманғы ұйымдастыру.

2016ж. «АІИ» профилактикасындағы мейірбикенің рөлі.

2017ж. GCP тиісті клиникалық практиканың қағидалары.

2018ж. Педиатриядағы мейірбикелік технологиялар.