№1 онкология/гематология бөлімі 2014 жылдың сәуір айында 20 төсек-орынға ашылған, онда 0-18 жас аралығындағы онкологиялық және гематологиялық патологиясы бар балаларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Сондай-ақ балалар онкологтарын даярлау және қайта даярлау үшін клиникалық және ғылыми база болып табылады.
Бөлім жұмысының негізгі қағидаттары жоғары кәсіпқойлық, қайырымдылық және пациенттің жеке басы мен құқықтарын құрметтеу болып табылады.
Бөлім дәрігерлері Германия, Австрия, Англия, Ресейдің жетекші клиникаларында тәжірибеден өткен.
Балалар жасындағы қатерлі ісіктердің барлық нозологиялық түрлерінде ісікке қарсы, жоғары дозалы химиотерапия жүргізіледі. Химиотерапияның төзімділігін жақсарту мақсатында ілеспе терапияға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ химиотерапияның ерте және ұзақ уақыт өткеннен кейін болатын асқынуларының алдын алу жүргізіледі, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға әкеледі.
Балалар ата-анасының біреуімен 1-2 орындық жайлы палаталарға орналастырылады. Әр палата теледидар, жуынатын бөлме, душпен қамтылған.
Балалардың емделуімен бірге тәрбиешінің басшылығымен арнайы жабдықталған ойын бөлмесінде шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Ұдайы оқыту және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Клиникалық психолог пен еріктілердің күшімен пациенттер мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетіледі.
Байланыс телефоны: 8 (727) 269-73-12
Панкова Олеся Сергеевна - № 1 онкология/гематология бөлімінің меңгерушісі. Білімі: 2007 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірді. 2008 жылы Беларусь Республикасының Минск қаласында балаларда трансплантациялау мамандығы бойынша бастапқы мамандандырудан, ал 2009 жылы ПБХҒО-да балалар гематологиясы мамандығы бойынша бастапқы мамандандырудан өтті. 2013 жылы ПБХҒО-да балалар онкологиясы мамандығы бойынша бастапқы мамандану. Біліктілігі: Дәрігер-балалар онкологы/гематологы - маман сертификаты. Дәрігер-балалар онкологы/гематологы - жоғары санатты маман сертификаты.
|
|
Алибаева Жадыра Бағдатқызы – №1 онкология/гематология бөлімінің дәрігері Білімі: ҚРМУ Оқу жылдары: 2006-2012 жж. Мамандығы: Педиатрия. ҚРМУ Оқу жылдары: 2012-2013 жж. Мамандығы: Педиатрия, интернатура. 29.07.19ж-29.11.19 ж. ПБХҒО-да бастапқы мамандандыру, балалар онкологиясы/гематологиясы циклы. Біліктілігі: Дәрігер-балалар онкологы/гематологы – маман сертификаты.
|
|
Сартбаева Асем Мухадиевна– №1 онкология/гематология бөлімінің дәрігері Білімі: Жалпы дәрігерлік тәжірибе: 9жыл ПБХҒО дәрігерлік тәжірибе: 7жыл. Білімі: 2006-2012ж — жоғары білімді, ҚРМУ, «Педиатрия» мамандығы бойынша. 2012-2013ж интернатура ҚРМУ, «Педиатрия» мамандығы бойынша. 2013-2015ж ассистент стажер, ҚРМУ, балалар аурулары кафедрасы. 2015-2017ж ПБХҒО-да қабылдау бөлімінің дәрігері. 2019ж «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандығы бойынша қайта даярлау курсы. ПБХҒО-да халықаралық мастер кластарға қатысу.
|
|
Хашимова Зухра Махаматжанқызы – №1 онкология/гематология бөлімінің дәрігері. Білімі: 2012-2017 жж. – жоғары білім, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Медицина бакалавры» мамандығы. 2017-2019 интернатура, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы. 2019-2021 резидентура, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Балалар онкологы және гематологы» мамандығы. 2021 жылдан бастап ҰҚКД жұмыс өтілі. Шетелдегі клиникаларда тағылымдамадан өту.
|
|
Хетбакиева Наргиза Сайдахметовна- №1 онкология/гематология аға мейірбикесі Жалпы жұмыс өтілі: 8 жыл ПБХҒО жұмыс өтілі: 3 жыл Білімі: 2010-2013ж - РМК Республикалық медициналық колледжі Мамандығы: емдеу ісі
|