№3 онкология/гематология бөлімі 1993 жылы 0-18 жас аралығындағы онкогематологиялық аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған көмек көрсету мақсатында құрылған. Бөлімде лимфопролиферативті жүйе, гемобластоз, тығыз ісіктер, тұқым қуалайтын синдромдар, иммундық тапшылық жағдайлар және т.б. аурулардың диагностикасы және емі жүргізіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Қан жүйесі ауруларымен ауыратын балаларды жоғары білікті диагностикалау және емдеу.
- Халықаралық хаттамаларға сәйкес гемобластоздары және тығыз ісіктері бар балаларға ПХТ жүргізу, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарда жоғары дозалы ПХТ процесінде туындаған асқынуларды уақытында емдеу және алдын алу іс-шараларын жүргізу.
- Онкологиялық және гематологиялық аурулары бар ерте жастағы балаларға арналған онкогематология бөлімшесінде емделіп жатқан науқастардың ауру және химиотерапия салдарынан туындаған өмірлік маңызды органдардың бұзылған функцияларын қалпына келтіру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.
- Қазақстандағы балалар онкогематологиялық қызметінің жұмысын үйлестіру.
- Орталықта химиотерапия курсын аяқтаған балалардың тұрғылықты жері бойынша қадағалайтын облыстық онкогематологтармен байланыс орнатылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта республиканың барлық облыстарынан онкогематологиялық аурулармен ауыратын барлық балалар есепте және бақылауда.
Бөлім қызметкерлері кооперативтік зерттеулерге, бірлескен кеңестерге, семинарларға, шеберлік-сыныптарына белсенді қатысады. Бүгінгі күні Ресей, Беларусь Республикасының онкогематологиялық орталықтарымен меморандумдар жасалды. Көптеген жылдардан бері Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Чехия ғалымдарымен белсенді ынтымақтастықта.
Бөлімде жоғары білікті дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер және үлкен еңбек өтілі бар тәжірибелі кіші медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.
Байланыс телефоны: 8(727) 269 73 17,
8(727) 269 73 25,
8(727) 269 73 28.
Булабаева Гүлнар Ержанқызы– бөлім меңгерушісі, балалар онкологиясы/гематологиясы мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл. 1989 жылдан 1995 жылға дейін С.Ж. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірді, педиатрия факультеті. 1995-1998жж – ПБХҒО «Қан банкі» бөлімшесінің дәрігері. 1998 жылы – онкогематология бөліміне ауыстырылды. 2015 жылдан бастап – ПБХҒО онкогематологиялық бөлімінің меңгерушісі. Мамандығы: балалар онколог/гематологы Біліктілігі: 02.03.2018 жылдан балалар онкологиясы/гематологиясы мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер. Сертификаттары: «Онкогематологияның өзекті мәселелері» біліктілік арттыру, РФ ДСМ Дмитрий Рогачев атындағы БГОИ ФМБМ. «Онкогематологияның, трансплантологияның өзекті мәселелері» біліктілік арттыру, Прага қ. «Клиника Мотол». Марапаттары: 2018 жыл – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздігі. ҚР ДСМ Құрмет грамоталарымен марапатталған. |
|
Муратова Әсел Муратқызы – II санатты дәрігер балалар онколог/гематологы Білімі: 2003-2009 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, дәрігер, «Педиатрия» мамандығы. 2009-2010 жж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, интернатура, «Педиатрия» мамандығы. 2010-2012 жж – «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентура, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы. 2015ж. – АМДБЖИ базасында балалар онкологиясы/гематологиясы бойынша салалық мамандану. 2017ж. – «Онкогематологияның өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру, РФ ДСМ Дмитрий Рогачев атындағы БГОИ ФМБМ. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ПБХҒО-ның онкогематология бөлімінде жұмыс істейді. Жалпы жұмыс өтілі – 8 жыл. |
|
Садуова Жазира Ғабитқызы - дәрігер балалар онкологы/гематологы Білімі: 20012-2017 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, бакалавр «Жалпы медицина» мамандығы. 2017-2019 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, интернатура «Педиатрия» мамандығы. 2019-2021 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, резидентура «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандығы. 2021ж.- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ортылығында «Балалар онкологиясы және гематологиясы» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру. |
|
Омарова Гульнара Ербосыновна - онколог/гематолог балалар дәрігері. Білімі: 1999-2005ж.ж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті, Мамандығы: «Педиатрия». 2005-2006 ж.ж. - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медицина Университеті, Интернатура «Педиатрия» мамандығы бойынша. 2006-2010ж.ж. –Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының №3 гематология бөлімінің дәрігері. 2007г –Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Онкология/ балалар гематологиясы» мамандығы бойынша қайта даярлау. 2008г – «Гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы» тақырыбында мамандығын жетілдіру, РНПЦ ДОГиИ, Минск қаласы, Беларусь Республикасы. 2010г. - «Гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы» тақырыбында мамандығын жетілдіру, Тель-Авив қаласы, Израиль. 2010-2022г. – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының №1 онкология бөлімінің дәрігері, Астана қаласы. С 2022г – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының №3 онкология/гематология бөлімінің дәрігері. Жалпы дәрігерлік жұмыс өтілімі: 2006ж бері. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жұмыс өтілімі: 5 жыл. |
|
Әлиева Толқын Әділғазықызы – жоғары санатты аға мейірбике. Білімі: орта-медициналық Жұмыс тәжірибесі: 2003 -20014жж. пульмонология бөлімінің мейірбикесі. 2014 -2019 жж. соматика бөлімінің аға мейірбикесі. 2019жылдан бастап - №3 онкогематология бөлімінің аға мейірбике лауазымына ауыстырылды. Обучение: 2014 жыл – «Жұқпалы аурулардың алдын алу. I. V. катетерлерді бекіту». 13-17.07.2015 жыл – «Орта медицина қызметкерінің тәжірибесіндегі операциялық процедуралар стандарттары». 30.05.2017 жыл – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негіздері». |