Пульмонология бөлімі 1962 жылдан бері жұмыс істейді және Қазақстан Республикасындағы барлық аймақтардан келген балаларға медициналық көмек көрсететін жалғыз мамандандырылған балалар пульмонология бөлімі болып табылады. Бөлімге 28 күннен 18 жасқа дейінгі науқастар қабылданады.

Негізгі қызмет бағыттары:
- Өкпе мен бронхтардың туа біткен ақауларын диагностикалау және емдеу.
- Өкпенің тұқым қуалайтын аурулары бар балаларды жүргізу (муковисцидоз, бастапқы кірпікшелік дискинезия және т.б.).
- Тыныс алу жолдарының созылмалы обструктивті және қабыну ауруларын емдеу (бронхиалды астма, бронхоэктазиялық ауру, созылмалы облитерациялық бронхиолит және т.б.).
- Интерстициалды өкпе аурулары мен атипиялық қоздырғыштар шақыратын пневмонияларды емдеу.

Білім беру және ғылыми қызмет
- «Пульмонология (ересек, соның ішінде балалар)» мамандығы бойынша резиденттерді даярлау.
- Педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері және басқа мамандар үшін сертификаттау курстарын және біліктілікті арттыру циклдарын өткізу.
- Қазақстан өңірлерінде көшпелі білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру: мастер-класстар, оқыту семинарлары және балалар пульмонологиясы бойынша курстар.
- Аймақ дәрігерлеріне сараптамалық көмек көрсету үшін телемедициналық консультациялар мен мультидисциплинарлық консилиумдар өткізу.
- Балалар пульмонологиясы саласында клиникалық хаттамаларды, стандарттарды және әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары.



Бөлімнің байланыс телефоны: 8 (727) 299-06-78
![]() |
Жанұзақова Назгүл Таупихқызы — бөлім меңгерушісі, жоғары санатты пульмонолог дәрігер, іскерлік әкімшілендіру магистрі (EMBA), ҚазҰМУ №2 балалар аурулары кафедрасының ассистенті, денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Білімі: 2005 ж. - С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Педиатрия» мамандығы 2015 ж. - Балалар пульмонологиясы бойынша бастапқы мамандану, «ПБХҒО» АҚ. 2024 ж. - Executive MBA (SDU\ҚҰМУ), іскерлік әкімшілендіру магистрі Тәжірибеден өту: Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея Еңбек өтілі: 2007–2019 жж. - «ПБХҒО» АҚ пульмонология бөлімінде дәрігер-пульмонолог. 2019 жылдан бастап «ПБХҒО» АҚ пульмонология бөлімінің меңгерушісі. Марапаттар: 2021 ж. - «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі 2022 ж. - «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
|
![]() |
Маршалкина Татьяна Васильевна — м.ғ.к., ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс балалар пульмонологы, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі. Білімі мен еңбек жолы: 1975–1981 жж. - АГМИ, «Педиатрия» факультеті 1988–2012 жж.- пульмонология бөлімінде дәрігер-пульмонолог, 1988–1990 жж. — бөлім меңгерушісі 2004–2012 жж. -пульмонология бөлімінің аға ғылыми қызметкері 2002 ж. -кандидаттық диссертацияны қорғау 2012 ж. - оңалту бөлімінің меңгерушісі 2019 ж. бастап - пульмонология бөлімінің дәрігері Марапаттар: 2007 ж. - «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі 2018 ж. - «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдары
|
![]() |
Заитова Алия Ғалымханқызы — жоғары санатты пульмонолог дәрігер, ҚазҰМУ №2 балалар аурулары кафедрасының ассистенті.
Білімі: 2005 ж - С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Педиатрия» мамандығы 2015 ж. - Балалар пульмонологиясы бойынша бастапқы мамандану, «ПБХҒО» АҚ Еңбек өтілі: 2011 жылдан бері «ПБХҒО» АҚ пульмонология бөлімінің дәрігері Марапаттар: 2022 ж. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
|
![]() |
Арыстаналиев Абылай Есенгельдиевич — пульмонолог дәрігер. Білімі: 2012–2017 жж. -М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, «Жалпы медицина» факультеті 2017–2019 жж. -«Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура, БҚММУ 2019–2021 жж.- «Пульмонология (ересек, соның ішінде балалар)» мамандығы бойынша резидентура, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2022–2025 жж.- «Медицина» мамандығы бойынша докторантура, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі Еңбек өтілі: 2023 жылдан бастап - «НЦПиДХ» АҚ пульмонология бөлімінің дәрігері |
![]() |
Догоманова Айнұр Сабитқызы – дәрігер-пульмонолог. Білімі: 2010–2015 жж. — С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр. 2015–2017 жж. — С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ), «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура. 2017–2019 жж. — «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентура, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ. 2025ж. — «Балалар пульмонологиясы» мамандығы бойынша сертификаттау курсы, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ. Еңбек өтілі: 2019–2020 жж. — Қаскелең қ., Қарасай аудандық орталық ауруханасы, балалар бөлімшесінің дәрігер-педиатры; 2020–2024 жж. — Алматы қ., Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, дәрігер-педиатр; 2024–2025 жж. — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы, балалар бөлімшесінің дәрігер-педиатры; 2025ж. — «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, пульмонология бөлімшесінің дәрігер-пульмонологы. |
![]() |
Мухамедхаджиева Шахинур Сейтқызы – жоғары санатты Аға мейірбике. Денсаулық сақтау саласының үздігі.
Білімі: 1987 ж. - Республикалық медицина колледжі. 2022 ж. - «Медбике ісі» мамандығы бойынша академиялық бакалавр, Каспий қоғамдық университеті. Еңбек өтілі: 1987 жылдан бері - «Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы» АҚ медбикесі. 2025 жылдан бастап - пульмонология бөлімінің аға медбикесі.
Марапаттар: 2017 ж. — «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі.
|
Догоманова Айнұр Сабитқызы – дәрігер-пульмонолог.
Білімі:
2010–2015 жж. — С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавр.
2015–2017 жж. — С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ), «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
2017–2019 жж. — «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентура,
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ.
2025ж. — «Балалар пульмонологиясы» мамандығы бойынша сертификаттау курсы, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ.
Еңбек өтілі:
2019–2020 жж. — Қаскелең қ., Қарасай аудандық орталық ауруханасы,
балалар бөлімшесінің дәрігер-педиатры;
2020–2024 жж. — Алматы қ., Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, дәрігер-педиатр;
2024–2025 жж. — Маңғыстау облысы, Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы, балалар бөлімшесінің дәрігер-педиатры;
2025ж. — «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ,
пульмонология бөлімшесінің дәрігер-пульмонологы.








