Бөлімде қатерлі және қатерсіз ісіктері бар балаларды диагностикалау және хирургиялық ем жасау тәсілдері жүргізіледі, сондай-ақ балалар онкологтарын, хирургтарын даярлау ғылыми базасы болып табылады.
Бөлім жұмысының негізгі қағидалары жоғары кәсібилік, мейірімділік және пациенттің жеке басы мен құқықтарын құрметтеу болып табылады. Бөлім дәрігерлері жетекші шет ел клиникаларында біліктеліктерін арттырған.
Бөлімде заманауи анестезиологиялық және хирургиялық жабдықтарды және медициналық технологияларды пайдалана отырып, балалардың қатерлі және қатерсіз ісіктеріне ашық және аз инвазивті хирургиялық операциялар жасалынады.
Бүйрек, бауыр, жұмсақ тіндер ісіктерін резекциялау, сондай-ақ, сүйек ісіктері кезінде модульдік типтегі ірі буындарды эндопротездеу операциялары жасалынады, бұл өз кезегінде мүгедектікті азайтады және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады.
Балалар ата-анасымен бірге 1-2 төсекті, жайлы бөлмелерде орналастырылады.
Орталықтағы клиникалық-диагностикалық база барлық қажетті зерттеулерді орындауға және терапия тиімділігінің мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықта онкопатологиясы бар балаларды талқылайтын дәрігерлік кеңес жұмыс істейді, оған жетекші мамандар қатысады: онкологтар, онкогематологтар, хирургтар, урологтар, патоморфологтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика және зертхана мамандары.
Байланыс телефоны: 8(727) 299 06 96
Жұмадуллаев Бахрам Мәлікайдарұлы - бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты балалар онкологы/гематологы, хирург, травматолог-ортопед. "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі". "Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін"төсбелгісімен марапатталған. "Құрмет" орденімен марапатталған. 1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген. 1993 - 2004 жылға дейін Қазақтың онкология және радиология ҒЗ институтында, балалар хирургы/онкологы дәрігері, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1997-1999 жылдары аспирантурада оқып, 2000 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 2004-2013 жылдары Қазақ онкология және радиология ҒЗИ балалар онкология бөлімін басқарды. 2013-2019 жж. аралығында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығындағы №1 онкология бөлімшесінің меңгерушісі болды. 2019 жылдан бастап №2 хирургия бөлімінің меңгерушісі. Балалар мен жасөспірімдердегі қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу бойынша 100-ден астам ғылыми жұмыстардың, 3 өнертабысқа авторлық куәліктің, 3 әдістемелік ұсынымның авторы. ҚР-дағы балалардағы солидты ісіктер мен лимфомаларды диагностикалау мен емдеудің алғашқы бекітілген клиникалық хаттамаларын әзірлеуші. Қазақстан Республикасындағы балалардағы сүйек саркомасына онкологиялық модульдік эндопротездерді енгізудің негізін салушы.
|
|
Кривенко Елена Владимирқызы - бірінші біліктілік санатты балалар дәрігер-хирургы, балалар онкологы/гематологы. 2011 жылы Қарағанды медицина университетін бітірді. 2014 жылдан бастап ПБХҒО-да, №3 онкология бөлімінде жұмыс атқарды, 2019 жылдан бастап №2 хирургия бөлімінде хирург болып жұмыс істейді. 2016 жылы, Мәскеуде Д.Рогачев атындағы балалар онкология, гематология орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2020 ж. - - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
|
|
Розиев Шухрат Әділжанұлы - балалар хирург-дәрігері. 2017 жылы С.Д. Асфендияров атындағы медицина университетін бітірген, 2020 жылы "Балалар хирургиясы"бойынша резидентураны бітірді. 2021 жылдан бастап № 2 хирургия бөлімінде балалар хирургы болып жұмыс атқарады. 2021 жыл – ПжБХҒО АҚ «Балалар онкологиясы және гематология» мамандығы бойынша біліктіліктілігін арттырды.
|
|
Байжанова Мақпал Романқызы - аға медбике, екінші біліктілік санатты маман.Білімі:2012-2015 жж. – ГКП «Медициналық колледж», Талғар қ.Жұмыс тәжірибесі:2015 - 2019 жылдары - №2 онкология бөлімшесінің медбикесі2020 ж. – №2 хирургия бөлімшесінің медбикесі2022 ж. – N2 хирургия бөлімінің аға медбикесі.Біліктілік:2016 – Онкогематологиялық аурулары бар балаларды күту ерекшеліктері.2020 – Жалпы мейірбикелік технологиялар.2022 жылдан бастап – «Мейірбике ісінің бакалавры» бойынша оқуда. |