Күндізгі стационар бөлімі 30.03.2012 жылғы №63 бұйрыққа сәйкес 01.04.2012 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында ашылды. Бөлім бейіні – балалар гематологиясы, онкологиясы, стационардың 5 төсегіне және консультациялық-диагностикалық қабылдауға арналған.

          Бөлімде 0-ден 18 жасқа дейінгі гематологиялық және онкологиялық патологиясы бар пациенттер тексеруден және амбулаториялық емдеуден өтеді. Күн сайын диспансерлік есепте тұрған еліміздің әртүрлі өңірлерінен 15-20-ға дейін жіті лейкоз, гистиоцитоз, лимфома, тығыз ісіктер, гемофилия және басқа да нозологиялар сияқты диагнозы бар науқастар білікті дәрігерлердің кеңесін алады. Барлық емделушілерге қажетті тексеру көлемі, қолдаушы терапияны түзету, мамандардың кеңес беруі, қажет болған жағдайда және амбулаториялық жағдайда жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда синдромды-симптоматикалық емдеу жүргізіледі.

 

 

Сонымен қатар, күндізгі стационарда гемопоэздік дің жасушалары трансплантациялаған пациенттер де қаралады. Декреттелген мерзімде оларға донорлық жасушалардың ұласып кетуіне арнайы тексеру (химеризм), сондай-ақ қажет болған жағдайда сала мамандарының қосымша кеңестерін жүргізеді.

 

 

Байланыс телефоны 8 (727) 299 14 64

 

Kiyalbekova

 

Киялбекова Жанар Анарбекқызы – бөлім меңгерушісі, балалар онкологы-гематологының сертификаты, жоғары біліктілік санаты бар.

1998 жылы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің педиатрия факультетін педиатрия мамандығы бойынша бітірді.

2008 жылы Беларусь Республикасының БГОИРҒПО базасында балалардан трансплантациялау мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өтті.

2012 жылы Израиль, Шиба клиникасында балалар гематоонкологиясы бойынша оқудан өтті.

2004 жылдың 20 қаңтарынан бастап 2017 жылдың маусымына дейін кіші жастағы балалардың онкогематология бөлімінде дәрігер болып жұмыс істеді.

2017 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін ПБХҒО-да ғылым және дипломнан кейінгі білім беру бөлімінің қызметкері болды.

2019 жылдың 03 маусымынан бастап күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарады.

 

WhatsApp Image 2022 11 15 at 13.34.13

 

Исманбекова  Әсел  Даурқызы - күндізгі стационар бөлімінің дәрігері.

2014 жылы С.Д. Асфендияров  атындағы  ҚазҰМУ-дың «Жалпы медицина» факультетін бітірді.

2016 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.

2018 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентураны аяқтады.

2018 жылдың 1 қазанынан бастап күндізгі стационар бөлімінің дәрігері қызметін атқарады.

2019 жылы «Балалардағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды диагностика мен емдеудің заманауи бағдарламалары» цикл бойынша біліктілігін арттыру курсын  өтті.

2020 жылдың қаңтар айында «Педиатрия» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты берілді.

2020 жылы «Балалар онкологиясы мен гематологиясының өзекті мәселелері» циклі бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

 

Saktaganova

 

Мұса Лаура Қанатқызы – күндізгі стационар бөлімінің аға мейірбикесі

2018 жылы Республикалық медицина колледжін «Медицина ісі» мамандығы бойынша бітірді.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының нәрестелерге арналған анестезиология, реанимация жәнеқарқынды терапия бөлімінде 2019 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істеді.

07.01.2020 жылдан бастап нәрестелерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде аға мейірбике ретінде жұмыс атқарды.

01.02.2021 жылдан бастап күндізгі стационар бөлімінің аға мейірбикесі.

2021 жылдың мамыр айында «Евразиядағы балалар онкология/гематологиясының мейірбикесі» курсынан өтті.