Бөлім 27 төсек-орынға арналған, онда 0-18 жас аралығындағы гемобластоз, тығыз ісікке, гематологиялық ауруларға, т.б. шалдыққан балаларды диагностикалау мен емдеу жүргізіледі, сондай-ақ балалар онкологтарын/гематологтарды даярлау және қайта даярлау үшін клиникалық және ғылыми база болып табылады.
Бөлім жұмысының негізгі қағидаттары жоғары кәсіпқойлық, қайырымдылық және пациенттің жеке басы мен құқықтарын құрметтеу болып табылады. Бөлім дәрігерлері Германия, Англия, Ресейдің жетекші клиникаларында тәжірибеден өткен.
Бөлімде диагностика мен емдеудің заманауи еуропалық клиникалық хаттамалары бойынша қатерлі ісіктері бар пациенттерге жоғары технологиялық емдеу жүргізіледі, химиотерапияның төзімділігін жақсарту мақсатында ілеспе терапияға ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ химиотерапияның ерте және ұзақ уақыт өткеннен кейін болатын асқынуларының алдын алу жүргізіледі, бұл дегенің пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға әкеледі.
Балалар ата-анасының біреуімен 1-2 орындық жайлы палаталарға орналастырылады. Әр палата теледидар, жуынатын бөлме, душпен қамтылған.
Балалардың емделуімен бірге тәрбиешінің басшылығымен арнайы жабдықталған ойын бөлмесінде шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Оқыту және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Клиникалық психолог пен еріктілердің күшімен пациенттер мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетіледі.
Орталықтағы клиникалық-диагностикалық база барлық қажетті зерттеулерді орындауға және терапия тиімділігінің мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Онкопатологиясы бар балаларды талқылау бойынша пәнаралық кеңес жұмыс істейді, оған жетекші сала мамандары: онкологтар, онкогематологтар, хирургтар, урологтар, патоморфологтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика және зертханалық қызмет мамандары кіреді.
Байланыс телефоны: 8 (727) 269-73-06, 269-73-09
Нуржанова Гаухар Амангелдіқызы - №2 онкология/гематология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, балалар онколог/гематологы. 2001 жылы М.Оспанов атындағы БҚММА бітірді. 2004 жылдан бастап ПБХҒО-да жұмыс істейді, 2013 жылдан бастап №2 онкология бөлімінің меңгерушісі. Біліктілікті арттырудан өтті: 2014 жылы РФ Д.Рогачев атындағы БГОИ ФМБМ. 2011 жылы АМДБЖИ. 2018 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2021 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. |
|
Салиева Сымбат Сарыбайқызы - №2 онкология/гематология бөлімінің дәрігері. Бірінші санатты дәрігер, балалар онколог/гематологы, докторант. 2009 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірді. ПБХҒО-да еңбек өтілі: 2004 жылдан бастап, 2018 жылдан бастап №2 онкология бөлімінде қызмет атқарады. Шарите (Германия) клиникасында біліктілікті арттырудан өтті. 2018 жылдың қыркүйегінен phD докторант. |
|
Әбдреимова Айгүл Ермекқызы – №2 онкология/гематология бөлімінің дәрігері, балалар онколог/гематологы. 2013 жылы ҚРМУ бітірді. ПБХҒО-да еңбек өтілі: 2016 жылдан бастап. |
|
Алпарова Ақбота Талғатқызы - №2 онкология/гематология бөлімінің дәрігері, балалар онколог/гематологы. 2013 жылы ҚРМУ бітірді. ПБХҒО-да еңбек өтілі: 2019 жылдан бастап. |
|
Ускенбаева Әйгерім Айдынқызы - №2 онкология/гематология бөлімінің дәрігері, балалар онколог/гематологы. 2018 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірді. ПБХҒО-да еңбек өтілі: 2021 жылдан бастап. |
|
Түстікбаева Гүлнар Әбдіғалиқызы - №2 онкология/гематология бөлімінің аға мейірбикесі. 1999 жылы Алматы медициналық колледжін бітірді. ПБХҒО-да 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. 2013 жылдан бастап бөлімнің аға мейірбикесі лауазымында. |